Көктем айы келіп жетті бізге де,
Айшуақтай нұрын төгіп өзгеге.
Қызғалдақтар, бәйшешектер гүлденіп,
Айналамыз оранғандай жасыл кілемге.
Адамдардың жүздері толы күлкіге,
Риза болып бір-біріне, әлемге.
Халқымыздың мерекесі әз -Наурыз,
Келіп жетті отбасыға, әр үйге.
Мұздар еріп, бұлақ суы сылдырлап,
Қарлығаштар үй салып, құстар сайрап.
Алаңсыз балалар аулада жүр ғой ойнап,
Күн шуағын төккендей бізге арнап.