Көкшетауда жастар Ұлт жоспары мен ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Көкшетауда жастар Ұлт жоспары мен ҚР Президентінің Жолдауын талқылады
жеке
блог

2016 жылдың 15 маусымы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырмасымен ҚР ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау техникалық институты курсанттарымен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насиаттау және талқылау бойынша кездесу ұйымдастырды.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыру барысын талқылады.

«Жас Отан» Жастар қанатының АОФ төрағасының орынбасары Сымбат Үсен өз сөздерінде Мемлекет басшысының Жолдауымен таныстырып, басты бағыттарын, мақсаттары мен жастар саясатын қалыптастырудың қағидаттарын талқылады.  

Сонымен қатар, кездесуге «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ анализ және мониторинг бөлімі жетекшісінің м.а. Әлішер Бекташ қатысты. Шара барысында Ақтөбе болған террористік актілерге байланысты маңызды сұрақтар мен мәселелер талқыланды. «Бүгінгі таңда терроризм жаһандық қауіпке, дінге қатысы жоқ дағдарысты байбаламға айналды. Ислам дініндегі маңызды постулаттардың бірі Отанды сүю, жастарды отансүйгіштік қасиеттерге үйрету болып табылатынын ескеру қажет. Барлықтарыңызды елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырамын!», - деп Әлішер құрдастарын өз елін сүюге шақырды.