«STOP-Қылмыс» партиялық жобасы шеңберінде «Жас Отан» ЖҚ белсенділері облыс орталығындағы сауда нүктелерінде «Сенің таңдауың» қоғамдық қозғалысының мүшелерімен бірлесе құқық бұзушылыққа қарсы рейдтер ұйымдастырды.
«Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыру бөлімінің басшысы, партиялық жобалардың үйлестірушісі Абай Жамалиев акцияның облыс орталығындағы 200-ден астам дүкендерінде өткізгенін, аталмыш рейдтер қоғамның барлық салаларда заңдылықты орындауды насихаттау болып табылатынын айтты.
-«STOPҚылмыс» жобасының ұраны болып «Тәртіп пен қауіпсіздік әрбір азаматқа тәуелді!» деген сөздер қала береді. Адам жасына, көзқарасына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан заңды сақтауы міндетті. Аталмыш рейдтердегі біздің негізгі қамтитын аудитория – дүкендердегі сатушылар. Өйткені олар бірінші кезекте кәмелетке толмағандарға заңды қатаң сақтауды көрсетулері тиіс.
Құқық бұзушылармен арнайы әңгімелесу өткізіліп, жазалаудың шаралары жөнінде ақпараттық буклеттер, стикерлер, танымдық мәліметтер таратылды. Айта кетерлік, қала тұрғындары рейдтердің өткізілуіне түсіністікпен қарайды, себебі осындай шаралар әрбір қазақстандықтың құқықтық жауапкершілігінің қалыптасуына жағдай жасайды.
Сонымен қатар, «Жас Отан» ЖҚ филиалы іс-шаралар өткізудегі бірқалыпты үлгілерден басқа ақпараттық-насихаттау жұмысты халықтың барлық топтар арасында әлеуметтік желілерді белсене қолданып жүргізеді.
Одан былай Жастар қанатының мүшелері автокөлік иелері арасында «Көлікті дұрыс қой» рейдін ұйымдастыруды жоспарлауда.