Облыстық мəдениет басқармасы, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Еркін Рақышевтың «Көкжалдар» фильмінің Оңтүстіктегі көрсетілімінің тұсауы кесілді.
Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген тарихты білу жəне текті тану, ұлттық кодты табу мəселесі күннің өзекті арқауы айналған.
Фильмнің басты мақсаты да - аңыз-əңгімелерге сүйене отырып көкбөріге телінетін қазақ болмысын сипаттау, қасқырдың текті мінезін негізге ала отырып, ұлттың бойында жоғалып бара жатқан асыл қасиеттер мен адами құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіріп, намысын ояту, рухын көтеру болып табылады.
Фильм аңшының қасқырдың арланын атып алу сəтінен бастау алып, тірі қалған екінші бөрінің кек алу жолында аңшының үш айлық баласын ұрлап кетуі жəне асырап, өсіруімен жалғасын табады. Ақсу-Жабағылы қорығында түсірілген фильмде қасқырлармен бірге жүрген адам тектес мақұлықты ұстау процестері де көрініс тапқан.
Киноның негізгі сюжетін қасқыр баланы қолға түсіру кезіндегі түрлі шытырман оқиғалар құрайды.
"Көкжалдар" фильмінің көрсетілімі Алматы, Астана, Павлодар, Семей, Өскемен, Ақтау, Атырау, Тараз, қалаларында өтсе, бүгіннен бастап күнгей өлке көрермендері де тамашалай алады.
Басты рөлдерді Жандос Исаев, Ержан Жарылқасынов, Арай Өмірова сомдайды. Ал, сценарийін Рамазан Құрманбаев, Еркін Рақышевтар жазған.
Қоюшы режиссер- Еркін Рақышев.