Көк масквич

Байқайм байқайм, басымды шайқайм, жөтеліп отырып пернетақтаны теріп, орындықты шалқая керіп отырып ойға кеттім. Ондағысы Kolesa.kz деген сайттың ішінен өзіме тұлпар таңдауда. 

Шатаспасам осыдан 3 жыл бұрын. ия ия 2009 жылы жұмыссыз жүрген кезімде етін. ТарМу студентері деп жұмысқа қабылдамайтын заман. Жеке кәсіпкерліктің жібін ширатып, сауданың дәмін тата бастаған жап жас су жаңа 22 жастамын. Ағам, інім, үшеуміз Тараздың қақ ортасында әңгередей үйде тұрамыз. Ағам тамақ, інім ыдыс аяқ жуып мезі болған заман. (Ертегі де қиыншылықтан басталады, сәл күте тұрыңыз кәзір қызық болады))))

        Сомен ағам көптен күткен келін түсірмекші болады. Бәрі тойдың қамына көшіп мәз мейрам басталды. (айттым жақсы болады деп.) Екі жақ келісімге келіп, біздің жақ, қыздың үйіне түсіп барып алып кететін болып келіскен. Құдалыққа киім аламын деп келген анамды қуана қарсы алдық. 1 Себеп (ең бастысы) адам құсап тамақ ішу. (күнде бойдақтың тұзы көп макаронынан шаршаааап кеткенсің ғой). Сонымен мамам болса да әйел адам ғой енді. Алтын алқа (сепочка) аламын, көйлек аламын деп ауылдан әкелген ақшасына, плоооотно өзі киініп, одан қалған ақшаға ініме мұз қылып киім алып, алтынға ақшасы жетпей қалыпты. Ені інім анауым мынауым жоқ десе керек. Баланың көңілін қай ана қисын? атқан ғой киімдерді. Базардан көңіл күйі жоқ келіпті. "Құдалыққа бармаймын, тойға барам, оның үстіне бұл бала шал- кемпірдің баласы ғой"- деп. Інімнен ақырын сұрасам алқа алғанға ақшасы жетпепті. Ай қазақпын ғой, оның үстіне 8-9 жыл қой баққанда қалып қалған тәжірибелі боқ сөз бар, Әкесінің аузын.... нан бір қойдым да, қыздарға барып жүргетін таныс таксиды шақырып алдым. "Мама кеттік бір жерге жұмысқа кіруім керек, сол жердің сыртынан болса да көрсетейін"-деп алып шықтым. Алқа сататын дүкенге келгенімде мұнда неге келдік деген оймен мамам маған қарайды. Мен жүрсей деп қоям. Енді өзі туған баласының табан астында бұндай жерге әкелгенін кім болса да күмәнданады ғой. Мен бірден түсіне қойып мән жайды түсіндіріп бердім, көптен бері көлік алам деп жиған терген ақшама сізге алқа әперем, мен осы уақытқа дейін ешкімнің арты болмадым, енді құдалықта сіз елдің арты болмаңыз деп қоям. (әнгімені қарасай) Сондағы 300000 тг не мәшіне келед дейсің. Бауыржан шоудағыдай көк москвич алмасаң, ешек арба да қымбат 350000 тг турады )))). Қайран көк масквич деп мамама қалжыңдадым да өзіне ұнаған алқаны алып бердім. Ана баласының әрбір оң ісіне қуанады ғой шіркін, жас балаша мәз болды, эээх қазыр сол кезді көзіңе елестетсең ғой, көзіңе жас келеді.

 2011 жылы туылған күніме көк мерседес көлігін силағаны бар етін. Соны сатып үстіне ақшамды қосым, ел мінетін қарапайым (мерседес емес) бір көлік қарап отырып, 6 наурыз анамның туылған күні есіме тағы да түсті. Тағы да бір алтыннан алқа таққым келіп отырғаны.

Көлігі құрысын, мамамның марқайғаны маңызды.



Бөлісу: