Көгершін не себепті махаббат символы?

       Көгершін – жер бетіндегі ең көп тараған құстың бірі. Оның жабайы түрлері 5 жыл өмір сүретін болса, үй кептерлері 15 жылға жуық уақыт жасайды.

       Адамдар өмірінде кішкентай көгершінді көрмейді. Себебі кептер ұяларын үңгір, жартас секілді жерлерге салады. Осылай балапандарын сыртқы жаудан қорғайды. Жерорта теңізін мекен еткен ата-бабалары арқылы осы заңдылық бұзылмай сақталып келеді.

       Үлкен қалаларда ұяларын үй шатырларында, терезе алдында, көпір астында салуы мүмкін.

       Көгершін десе, махаббат, сезім еске түседі. Себебі олар жұбын кездестіргенде бір-біріне мәңгілік адал болады.




Бөлісу: