Қоғамдық сананың жаһандануы

«Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ»
Н.Ә. Назарбаев

Жеке адамды алып қарастыру - жеке адамның тұлғалық дамуы, жетілуі, білімді, тәрбиелі қатарластарымен ортада болуы – үлкен шеңберлі қоғамның бір кетігін толықтырып тұратындай бөлшегі болып орнатылады. Тұлғаның саналы, тәрбиелі және білімді болуы – қоғамның белді бір пайдалы жағының негізін салуына, дамуына септігін тигізеді.

Антони Смис: «Ұлт дегеніміз мәдениеттік және қоғамдық ұғым, ол бір мәдениеттің және саясаттың өзегі, осы өзек ортақ мифті, жадыны, белгіні және дәстүрді тұтастай алып, аса беделді ортақ тұлға жасайды», - деп тамаша пайымдайды. Бұл айтылған ойды өз ойыммен келтіретін болсам, әрбір ұлттың жасампаз тарихы, төл шежіресі, салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, құдды бір ұлтты ерекше, айшықтап тұратын төл таңбасы болады. Ол ғасырдан – ғасырға жалғасып, ел арасында кеңінен тараған ауыз әдебиеті, айқын тарихы, жырлары мен қиыны мен

      Адамзат мәдениетiнiң алға жылжуы адамның рухани дамуымен байланысты. Сыйласымдылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, Бүгiнгi күнi iзгiлiктi, рухани дамыған адам болу дегенiмiз - адамды жеке тұлға ретiнде тану, абырой, ар-намысын құрметтеу. Iзгiлiк - жоғары мәдениет пен бiлiмдi, сөз бен iстiң бiрлiгiн талап ететiн, немқұрайлылықпен күресетiн белсендi өмiрлiк ұстаным. Адам қандай құндылықтар жүйесiн ұстанады, ненi мақсат етiп, неге талаптанады деген сұрақтарды анықтау да өзектi.

Қоғам дегеніміз адамдар арасындағы тарихи қалыптасқан саяси–әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі. Адам – қоғам бөлшегі. Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық қод, менталдылық пен, дүниетаным ұғымдары қоғам негізінде жүретін негізгі құрыллымдар болып табылады. Қоғамдық сананың жаңғыруы мен жаңаруы – мемлекет тұрғындарының, жергілікті халықтың адамгершілік – этикалық, философиялық тұрғыда жетілуі деп білемін. Бұл салаға да басты назар аударатыны тектен емес, ұлттың жаһандануы, заманға сай білімді, алдыңғы қатарларда бой көрсетіп, ұлттық сананың көзінің ашылуына себеп болады.

Жaһaндaну де­ге­ні­міз қaзіргі  aме­рикaндық үл­гі­ге кө­шу, ол  біз сияқ­ты кен­же ұлттaрғa aрнaлғaн жаңа бағыт - бағдар. Бaтыс­ты ешқaшaн жоққa шығaрa aлмaйтындығымыз анық нәрсе. Дәс­тү­рі­міз сaқтaлды деп ойлағанымызбен , aлдың­ғы қaтaрлы ұлттaрдың біз­ден aлыстaп бaрa жaтқaндығын қaлaйшa біл­ме­й-көр­ме­ген­сімей отырa бер­мек­піз. Ғы­лымғa "қaзaқстaндық өр­ке­ниет" де­ген ұғым­ды ен­гі­зу­дің уақыты келді.

Қaзір­гі уaқыттa, әр ұлт өз бі­ре­гей­лі­гін жоғaлт­қы­сы кел­мейді. Бұл – әр ұлт­тың жaн қaлaуы жә­не тaби­ғи құ­қы­ғы. Ұлттық код – ол ұлттың не сол халықтың өзіне тән материалдық және рухани маданияттың нәтижесі. Киіз– үй, ер – тұрман, қазақы киім – кешек, зергерлік бұйымдар мен көне көзелер, көнеден келе жатқан ескерткіштер, руна жазуы, халық ауыз әдебиеті – ұлттық код жиынтығы. Ұлы даңғыл жолды мұра етіп қалдырған ата – бабаларымыздың тарихына бір шолу жасайтын болсақ, ұлттық ерекшеліктері Қазақ хандығы құрылғанға дейін қалыптасқан және Қазақ хандығы тұсында дамып жетілгендігін байқаймыз. Бұл бірден келе салған дүние емес, бұл – ұлт жетістігі, ұлттың қиын – қыстау заманындағы ақтың қараны жеңіп, тәцелсіздікке қол жеткізгендігі.

Қазақ халқының мәдениетінің тегі тереңде, сонау шумер – акад тайпасынан бастау алатын, өркениеттіліктің шынайы үлгісі. Өркениеттілік, ол, әрбір мемлекетте бола бермейтін үрдіс, әрине, мәдениеті жоқ ел болмайды, тек өркениетті ел деп, белгілі бір дәрежеде әлемдік кеңшарда өз үлесін қосқан елді атайды. Мысалы, Еуразия даласында ең алғаш  «атты қолға үйретіп, асыл тұқымды, сирек кездесетін тұлпарлардың шоғыры» болып көрініс тапқан Ботай мәдениетін алатын болсақ, бұл – өркениеттіліктің белгісі болып табылады.

Халық ауыз әдебиеті (фольклор) мен жазба әдебиеті бөлек дүниетанымды құрайды, кез – келген жазушы яки ақынның, не ортағасырдағы жыраулар шығармаларында еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін айта бастап, сол елдің, ұлттың ерекшелігі мен тарихында қалған атақты батыр, би,хан тұлғаларын дәріптеп, үлгі етіп,  насихаттайды. Айтайын деп отырған ойым, шығармалардан, дастан - қиссалардан халықтың дүниетанымы, тарихы, мәдениеттілігі мен ұстанымдары, салт- дәстүрінен хабардар бола аламыз.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ, күрделі процесс. Сондықтан да ол адам өмірін тұтас түгел қамтиды, нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Дүниетанымның біз білетін 2 түрі бар. Бірі – ұлттық, екіншісі – ғылыми дүниетаным жүйесі. Сөз болып отырған  құндылық – ұлттық дүниетаным.Ұлттық дүниетаным этнос пен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіре отырып, қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшемді айтады. Бұл дегеніміз, жеке адамдардың айналаға, қоршаған ортаға деген көзқарасынан басталып, қоғамның ойы мен тілегі, ниеті бір жерден шығуына негізделетін топ жиынтығын атамыз. Біз ертеден көшпенді халық болғандықтан, дүниетанымымыз кеңінен жайылған киелі, дана, дара халықтың ұрпағымыз дегім келеді. Ұмай ана, Көк бөріні қадір тұтып, Көк Тәңіріне сиынған, Ұлы Дала иелігіне өз үстемдігін бейбіт түрде орнатып, мәдениеті мен өркениеті дамып, тәрбиелілік және ұлттың ерекше өр болғандығын басқа елдерге бідіріп тұратындай,  бізге тарихтан белгілі.

Ойымды қорытындылай келе, егемендік, бірлік – ынтымақтастық, біртұтастық, халықтың өзара ойларының бір арнаға тоғысуы, халық тұрғындарының бейбітшілік  пен ымырасылшылдықта болуы – қоғамның мықты діңгегін құрайды. Өзіміз білетіндей, ағаштың діңі бірден жуандап, мықты, енжар бола алмайды, жел тұрса қирап, шайқалып қалмайды. Ол ерте бастан жетіліп, дамып, өзін – өзі баптап, сан кезеңдерден өту арқылы «түзуленіп», діңгегі мықты, сыртқы «жалынды жастарымен» қаруланған мықты қабықша жасап, мәңгі өмір сүреді.  Ертеден дамып – жетіліп келе жатқан өркениеттіліктің тал бесігі болған қазақ ұлты – ұлттық код, менталдылық, мәдениеті мен өркениеті бар көк бөрілер тармағы болғандықтан, самұрық құс секілді мәңгілік алысқа, биікке ұмтылар ел болатынына сенеміз. Еліміз мықты, жаһанданған, инновациялы, алдыңғы  30 елдің қатарына ену үшін, жастары білімді, оқуға деген талпыныстары өрттей лапылдап алаулап тұрған, тәрбиелі һәм озық ойлы болуы қажет.

«... Мен сенемін жастарға ,

Алаш атын аспанға –

Шығарар олар бір таңда!»

(Мағжан Жұмабаев)

 

Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы

Журналистика факультеті

1 - курс студенті



Бөлісу: