Қоғамдық көлітегі, түсініспеушіліктер.
блог
Осыдан бірер ай бұрын. Күйбең тірлік пен алысып жүріп, жұмысқа баратын уақыттын келіп қалғанын байқамайда қалыппын. Райымбек батыр даңғылы мен Емцов көшелерінің қилысында Ақжар мүлтек ауданына бағыттайтын 11-ші қоғамдық көлігін күттім яғни маршутты. Кешкі бестер шамасыннан бастап, сағаттап күттім, келмеді. Күн қарауыта бастады. Келмегесін барар жеріме жақындай берейін деп 50-ші қоғамдық көлігіне (маршут) міндім. Алматы қаласында 50-ші қоғамдық көлігінде өздеріңіз білетіндей, жол ақысын валидаторға төлейміз. Іші лық толы адам. Айқау-шу, ұрыс-керіс жүргіншілер мен жүргізуші арасындағы жанжалды жеткізу мүмкін емес. Бір кезде құрғыр валидаторда істен шығып қалды. Жүргізуші болса әбігерге түсіп, валидаторды ары-бері козғап, асты үстіне түсіп жатыр. Бұл жердегі жәйітте, валидаторды жөндегенге қарағанда. Машинаның маторын мен каропкасын жөндей салған оңай болып тұр. Жүргіншілер ( ашыққан итше жұлмалап ) алауызданып аузына түскенін айтуда. Бәрі асығыс, ашуы қыстың қақаған аязындай. Сабыр сақтап тұрғандар саусақпен санарлықтай.
Жүргізушінің жанында жұмысқа жылдам жетуді Тәңірімізден тілеп, табаным талып телміріп тұр едім. Маған бір қарап:
-Бауырым валидаторға ақша салғандарға қайтарым ақшаларын, кайтарып беріп тұрасың ба деп өтінді.
-Жарайды деп, (адам түгілі, айуанның көңілін қалдырмайтын мен) бірден келісе кеттім.
Жүргізші қолыма тиындарды үйіп беріп:
-Құрметті жүргіншілер: жол ақысын төлеңіздер, алдағы жолда тексеріс болып жатыр. Мына жiгiт валидатордың жанында қайтарым ақшаларыңызды беріп тұрады деп,-
мені көрсетіп жіберді.
Автобус іші тынышталып, бәрі кезектесіп төлей бастады.
Бәйдібек биге Бөлтірік шешен айтқан екен:
-Өміріңізде ешкімнен сөзден жеңіліп көрмеген шығарсыз десе,
Неге? Сөз ұқпайтын бәдіктерден күнде жеңілем деген екен.
Сол секілді кейбір кісілер, қасарысып тұрып алды. Жүргізуші жігіттің уайымы планын орындай алмағаны, менің уайымым жұмысыма кешігіп жатқаным.
Алысып-жұлысып арпалысып. Соңғы аялдамаға, әзер дегенде жеттік. Жетер жерге жеткеннен кейін қоштасар-қоштаспас, жөніммен жұмысым жаққа жылдамдатып жөнелдім.
Байқағаным, қоғамдық көлікті жүргізіп келе жатқан өзіміздің, аузын ашса жүрегі көрінетін, қазақтың баласы. Демеудің орнына, неге қазақ, қазақты жеп қоярдай болып тұрамыз? Абыл-дебіл болып, валидаторы істемей, бар жігерімен өз уақытымен жүргізіп келе жатқан жүргізушінің жанын шығарып. Жерден алып, жерге салып жатқандарға жынымның келгені-ай.
Қынжылтатыны қазақтың қазаққа ғана күші жететіні.
Мұның ақыры неге апарарын білмедім...
(с) Абзал Нұсқабай