ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ көңілден қашан шығады?
блог
Жасыратыны жоқ, соңғы уақыттары қоғамдық көліктегі мәдениеттіліктің жоқтығы жиі сынға алынатын болды. Одан қалды, бір бағыттағы маршурттар бір-бірімен жарысып, жол ережесін де сақтамайды.Тіптен,өзімнің жеке басым бүгінгі күнде Астана қаласының тұрғыны реттінде қоғамдық көлікке мінген кезде көңілім толмайды.Бас қаламызда осындай жағдай орын алса,өзге қалаларымыздың жайы не болмақ?! Қоғамдық көлік қызметкерлі көбіне орыс тілді,ұлты қазақ болғанмен. Ауыздарында сағыз,құлақтарында наушниктері бар қызметкерлерді де жолықтырамыз.Неге сол қызметкер өз жұмысына жауапсыз қарайды. Сондай-ақ, жүргізушілер таңертеңгілік медициналық бақылаудан да өтпейтін көрінеді. Қоғамдық көлік көпшілік орын саналатындықтан, мұнда мәдениеттілік болғаны дұрыс. Әсіресе, кешкілік халықтың жұмыстан қайтатын уақытында адамды аузы-мұрнына дейін толтырып, жүргізушілердің радио дауысын шегіне дейін жаңғыртып қоятындары, темекі шегіп, дауыстарын көтере сөйлеуі, кассирлердің балағат сөздер айтып, түрлі жағымсыз қылықтар жасауы, жұртпен дөрекі қарым-қатынасы қоғамдық көлікте қызмет ету мәдениетінің төмендігін байқатады. Сондай-ақ халықтың көп айтар шағымдарының бірі – қоғамдық көліктердің бекітілген кестеге сай жүрмейтіндігі. Біреулер таңертең көлікті көп күтіп қалып, жұмыстарына кешігіп жатса, жұмыстан кеш шығатын енді біреулер соңғы автобусқа үлгермей, үйлеріне жете алмай әуреге түседі.Мемлекет тарапынан бұл мәселе қозғалғанымен,айтарлықтай нәтиже жоқ.Шетелдік азаматтар қоғамдық көлігімізге отырса,не ойлар екен. |