Қоғамды мендеген дерт...

Қоғамды мендеген дерт...
жеке
блог

 

Егер қазіргі қоғамды біртұтас организм ретінде қарастырсақ, оны мендеп бара жатқан ауыр дерт, ол сөзсіз –       сыбайлас жемқорлық деп ойлаймын. Оның тарихы өз ғұмырының ұзақтығы жөнінен адамзат өркениетінен кенже емес...  Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік феномен, қоғам мен қоғамдық қатынастар туындысы. Оның пайда болуы мен өмір сүруі қоғамдық және шаруашылық қызметтегі басқару функциясының жекеленуі сәтінен бастап мүмкін болған екен. Өйткені, нақ осы жағдайда лауазымды басшыда қоғам, мемлекет мүддесі үшін емес, жеке басы үшін ресурстарды пайдалану және шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. Сондықтан, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық – басқа саяси, экономикалық, мәдени әлеуметтік институттармен өзара тығыз байланысты әлеуметтік институт, басқару жүйесі элементі.

Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың еркін жұмыс істеуін шектейді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін төмендетеді, ел үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы ең бір басты бөгеттердің бір боп табылады. Таза және әлеуметтік бағыттағы бизнес нарықтан күшпен ығыстырылып шығарылады, өйткені, бұндай бизнесті сыбайлас жемқорлық тиімсіз кәсіпке айналдырады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық ұлттық шекаралардың шеңберінен шығып кетеді, сондықтан онымен күрес глобальдық ауқымда жүргізуді қажет етеді. Одан түсетін түсімдер "жуылғаннан" кейін әлемдік және ұлттық қаржы ағындарына құйылады да, мемлекеттік және халықаралық билік пен экономика институттарын бұзады. Ол заңның, демократия мен адам құқықтарының үстемдігіне қатер төндіреді, қоғамның моральдік тіректерін, билікке деген сенімді, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын қиратады, бәсекеге бөгет жасайды...

Қазіргі таңда бұл дерттің ауқымының кеңдігі соншама, ол тіпті қоғамның барлық сферасында көрініс табады...

ҚР – да тәуелсіздік алғаннан бастап бұл проблемамен күресуге бел буып,   осы мақсатта біраз шаралар жасалған болатын.   

Мәселен, 1998 ж. шілдеде бұрынғы кеңестік кеңістікте бірінші болып, ел президентінің тікелей бастамасымен ҚР – ның "сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңы қабылданды. Заң бұл негативті құбылысқа қарсы әрекет жасаудың қажеттілігін жалпымемлекеттік деңгейде жария етті. Ол барлық мемлекеттік орындар мен лауазымды басшыларға өз құзіреті шегінде бұл зауалмен күрес жүргізуді міндеттейді. ҚР – да бұл заңның қабылдануы сыбайлас жемқорлықпен  күрестің ұлттық заңнама мен құқыққолданымды тәжірибе саласындағы жаңа сапалы этапының бастауына айналғандай болды. Бұған көп жағдайда ҚР Президентінің заңның қабылдануына байланысты республика азаматтарына арналған, қоғамдық пікірде алғашында үлкен резонанс тудырған үндеуінің әсері зор еді. Кейіннен осы уақытқа дейін бұл бағытта мыңдаған, жүздеген қаулылар, заңдар, бағдарламалар қабылданып,  ондаған комитеттер құрылды. Бірақта сол жұмыстар өкінішке орай айтарлықтай нәтиже бермегендігін мойындайға мәжбүрміз, өйткені статистика агентігі берген мәліметтер бойынша коэфициент бұрынғы қалпынан сәл ғана ауытқыған. Статистикаға қатысты мамандардың айтуы бойынша осы жерде ендігі кезекте мемлекеттік мекемелер қатар жеке секторлар, атап айтсақ білім, соның ішінде ЖОО-да, денсаулық сферасында жемқорлықтың күшейгендігін келтіреді. . Оның басты себептері  елімізде әлі де болса мемлекеттік бюджеттен ақы төленетін қызметшілердің жалақысының аз мөлшерде болуы дейді әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі.

 Ендігі кезекте Қазақстандық қоғамда болып жатқан үрдістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың күшейтілуімен қоян – қолтық жүруінің басты екі себебін келтіруге болады деп есептеймін.

Ең бірінші кезекте заңи тұрғыда қарағанда заңдарымыз сөзсіз тиімді, бірақ бұл жерде проблема олардың орындалуындағы әлсіздік. Ол көбінде тиісті органдардың мардымсыздығы, қарапайым азаматтардың заңи сауатсыздығы, өздерінің құқықтары мен міндеттерін білмеуі, тағысын тағы...

Екіншісі, біздегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге, тиісті шара қолдануға, алдын алуға жауапты органдарымыздың өздерінің жемқорлықпен шырмалғандығы (құқық қорғау, прокуратура, салық полициясы, салық органы т.б),  сонымен қатар олардың  қолданылатын шарларының көбі сыбайлас жемқорлықтың себептерін емес, сыбайлас жемқорлық көрінісінің өзіне қарсы бағытталған, алайда тек қана қылмыстық қудалау шаралары сыбайлас жемқорлықтың іргесін шайқалтуға қауқарсыз.

 Қорыта айтқанда бұл құбылыстың күрделі сипаты, сондай – ақ, оның қылмыстық әрекеттердің басқа түрлерімен барған сайын айқын көрініс беріп отырған байланыстары онымен күресу үшін тек қана мұқият көңіл бөлуді, айқын жүйелілікті емес, сонымен бірге, өте маңызды нәрсені – берік саяси жігерді талап етеді. Ондай саяси жігер әрине барлығымыз біртұтас қоғам болып күрескенде жемісін береді!