Біз ақшаның, нарықтың, ақылдылардың, кəсіпкерлердің заманында өмір сүрудеміз. Күн өтіп, жыл жаңғырған сайын пұл табудың жолдары да көбейіп келеді.Бірақ дəл осындай кəсіп түрін алғаш естідім. Естідім де жағамды ұстадым.
Жақында бір такси ағайдың əңгімесін естідім. Əлде қандай екі түрік əйел адам көлікті тоқтатып , жақын мекен жайға апарып тастауын өтінеді де, аяқ аттам жерге "1000 теңге береміз" дейді. Таксист қуана қуана келіседі. Бір қараса əлгі екі əйел қол арбада отырған бір мүгедек қайыр сұрап отырған шалды көлікке отырғызу алмай əлек. Шошып кеткен таксист оларды келісілген жерге апарудан бас тартады. Бірақ екі əйел таксисттің жанын қояр да қоймай, межелі жерге апаруға көндіреді. Таксист аталған мекен жайға жетіп, бір үйдің ауласына кіреді. Ол аулада он беске жуық қайыршы өмір сүреді екен. Бір кəсіпкерсымақ бизнестің осындай түрін ойлап тапқан сыңайлы. Ол жердегі қайыршылар сол бизнесменнің "қызметкерлері" болып шығыпты. Олар да басқа кəсіп иелері сияқты "план (бір күнде өткізілуі тиіс ақша)" өткізеді екен. Ал план мәселесіне келетін болсақ..... Қайыршы болып қанша пайда табуға болатынын білу үшін, кішігірім зерттеу жүргіздік. Сондағы бір күндік табыс дөңлетіп алғанда 12 000 теңге(үш мезгілдік асыңды санамағанда). Қайыршының бір күндік "еңбегі" осылай бағаланатын көрінеді. Сонда əлгі кəсіпкердің бір күндік табысы алыс берісімен 150 000 теңге, ал жылдық қаржы айналымы 54 750 000 теңге. Ғажайып сандар, солай емес пе?! Ал ол кəсіпкер қаншалықты бақытты?! Адамдардың шарасыздығын пайдаланып тапқан пайда оған қаншалықты рахат əкеледі? Келісемін жоқтан бар жасап, ауадан ақша табу-өнер. Бірақ мейірімді жандардың адал еңбегіне қол сұғып, қорғансыздардың өмірін одан əрі қор қылып, адамдығы жоқ хайуанның ісін істеп тапқан харам ақшаның не керегі бар?! Табыс қуалап , ақшаның артынан еремін деп , ардан аттап кетпегейсіздер. Айтарым осы...