Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Философия және мәдениеттану факультеті
Дінтану мамандығының 1-курс студенті: Әкімбек Сабина
Жетекшісі:Сәрсенбаев Руслан
Қоғам үшін қандай пайдам бар?
Әрбір тұлға өзіне сұрақ қоя алады. Менің өзіме деген сұрағым «Қоғам үшін қандай пайдам бар?»
Жыл сайын есейіп келеміз. Көкейдегі сауалым бүгінгі мақаламның басты тақырыбына айналды. Жеке зерттеп көрген жұмысымның нәтижесі сіздерге де пайда береді деп сенемін.
Тарих беттеріне көз жүгіртсек қоғам дамуының бірден-бір себебі әр елдің өзіндік ортақ өмір сүру ережелерінің болғандығына куә боламыз. Атадан балаға мұра болып қалар құнсыз дүниелерді ғылым «Мәдениет» деп атады. Дамыған мәдениеттерден өркениет пайда болды. Ал, дамыған өркениеттер жер жүзіндегі елдердің өмірін оңтайландырды, сонымен қатар жаһандық экономиканың таптырмас бөлігіне айналды. Осының барлығын зерттеп, жүйеге келтіруші көпсалалы ғылым-«Мәдениеттану» деп аталады. Әрине, өз саламның маманы ретінде зерттеуші ғылымды қарапайым тілмен түсіндіріп, талдау жасаймын.
Мәдениеттану бізге не берді?
1. Елдерді тану
2. Үлкен және кіші туризм
3. Салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды зерттеу
4. Орталық әлеуметтік өмір сүру принциптерін дамытады
Қазіргі заман адамдарының сұрағы мен сұрауы, талабы мен тілегі көп. Кей салаларда да ұқсастығы көп болғанымен айырмашылығы бір төбе. Дінтану мен мәдениеттанудың өзіндік белгілері бола тұра шатастырып алушыларды да кездестіріп жатамыз. Кезекті талдауымыз «Дінтану» жайында болмақ.
Дінтану қандай түсінік қалыптастырады?
1. Рухани этикет қалыптастыру
2. Наным-сенімдер туралы түсінік
3. Тұлға және қоғам үшін пайда келтіру
4. Әлемдік өркениеттерді зерттеу
Тәуелсіз елімнің тұтастығы мен бейбіт аспаны үшін өз мамандығымның-дінтанудың үздіктері қатарынан болуға бар күш жігерімді саламын. Қоғамға пайдам сол болсын!
https://www.kaznu.kz/