Қоғам шындығы немесе өзім келтірген дәлелдер

Барлық нәрсе махаббаттан бастау алады! Бірақ кәзіргі қоғамда сол жүрекке жылы тиетін махаббат өз орнын таба алдыма?Әрине жоқ! Оған мен өзімнің қоғамнан алынған шынайы дәлелдерімді сіздердің назарларыңызға ұсынсам!

Сайқал цехтаның арбауына байланып, жаратқан үшін құрбан боламын деп өзін жарып жіберген қыршын кеткен жастарды көргенде имандығының әлсіздігіне қарап, аллаға деген махаббаттың бойында болмағаныма деп қынжыламын! Сондай кезде 5 жасар баланың бір сүрені болсын жаратқанды дәріптей айтқанын көргенде, соның өзіне шүкіршілік етеді екенсің!

Терезеге телміре қарап өзге баллардан армны да қыялы да бөлек жетімдерді көргенде, балларын қоқысқа тастап немесе ақшаға саудаламақ болған аналарға қарап, сонда аналық мейірдің аналық махаббатың қайда кеткенін ойлап ішім алай-дүлей болады! Сол қоқыстан табылған баллардыңда товарға айналған баллардың да жетімдер үйінен орын табары хақ! Олардың арманы басқа баллар сияқты қымббат көлік, немесе ұялы телефон емес! Олардың терезеге қарап жаратқаннан тілейтіні ананың аяулы алақаны,әкенің мейрім шапағаты ғана! Осыларды ойлай бергенде бүлдіршіндердің өмірге деген қызығушылығы асқақ армандары, ешкім қуып жете алмайтын шексіз қыялдары жаныңа медеу болады екен…

Барлығын ақшаға деген махаббатқа айырбастап, сатқындықтың құрбаны болғандарды ести қалсақ таңырқамайтын болдық! Бірақ үнсіз кеудеге сондай кезде бір сұрақ орын тебеді! Онда ол сұрақ: Сонда достық махаббат қайда?

Солай біреулер достықтың қадіріне жете алмай, біреулер ата-ана махаббатына зәру болып жүргенде, еш қынжылмастан қарттар үйіне ата-аналарын өткізіп жатқандарды естігенде, тағы бір саул тағы бір жұмбақ өмірдің беймәлім тұсы ашылмай қалғандай болады! Ол жұмбақ өмір бар өмірінің тең жартысын баласына арнаған қариялардың балларының, балалық махаббатының бомағаныма деп бір ауыр күрсінесің! Сондай сәтте қайда жүрседе құлыным аман болсын деп ішіне ешқандай кек сақтамайтын қарттарға сүйсіне де, сүйіне де, қайран қала қарайсың! Бірақ әйтеуір ішіңде бір түйітікіл жаныңды жегідей жейді де тұрады…

Көшеде еш қымсылмастан шылымды бұрқыратып тұратын қазақ қыздарына қарап,өмірге деген сүйіспеншіліктің кеуделерінде қашан бой көтеретіндігі өзіңе де өзгеге де өзіне де жұмбақ болып қалады екен…

Ерлеріміздің нәпсінің құлына айналып бара жатқанын көрсекте соған көз жұма қарауға тырысатын болдық! Мұқтаж жандарға қыймаған ақшасын 1 сәттік ләзәтқа қыятын ерлеріміздің санасыздығы кейде бізіді еш қынжылтпайтын сияқты!

Себебі бізде қалыптасып қалған пікір заман солай, ал шындығында заман емес адам солай!



Бөлісу: