Қоғам - зәулім бір үй деп есептесек, қоғамдағы әрбір адам сол зәулім үйдің қандай да бір бөлшегі.Мүмкін, ол жай ғана кірпіші болар немесе терезесі. Ал зәулім үйді тіреп,оның құлап кетпеуін қадағалайтын ол-әрине,іргетасы. Біздің жағдайда “Іргетас” болып тұрғандар- қоғам қайраткерлері. “Неге олай теңестірдім ?” деген сауал туындауы мүмкін.Себебі, қоғам қайраткері де үйдің іргетасы секілді қоғамның,мемлекеттің мызғымас бірлігін сақтайтын,елдің дамуына өз үлесін қосатын, қоғамның бетке ұстар қаймағы емес пе?!
Американың қоғам қайраткері, ғалым, АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясы авторларының бірі Бенджамин Франклин: «Мен адамдарға қызмет еткенде ұпай жинадым деп емес, борышымды өтеп жатырмын деп санаймын», деген екен. Яғни, қоғам қайраткерінің негізгі қызметі- ұзақ жылдар бойы жүрек қалауымен қоғамның ілгері аяқ басуына өз үлесін қосу, қоғамның игілігі үшін ерікті қызмет ету.
Біздің тарихымызда қоғам қайраткері қандай болу керек екенін дәлелдеп, тарихта қоғамдық тұлғаның ерекше үлгісін көрсетіп кеткен, мақтанып айтарлық тұлғаларымыз аз емес. “Қазақстанның қоғам қайраткерлері” десе, бірден ұлт үшін тер төккен Алаш ардақтылары,ақын-жазушыларымыз, тәуелсіздік үшін тер төккен азаматтарымыз және де тәуелсіздік туын желбіретіп,елімізді бүкіл әлемге даңқты еткен тұңғыш президентіміз,Нұрсұлтан Назарбаев ойымызға келеді.
Ал, қазіргі таңғы “Қоғам қайраткерлері” атанып жүрген адамдар осы тұлғалардың ерен еңбегіне татиды ма?! Бәлкім заман талабы солай шығар,алайда қазір “Әу” деген әрбір қазаққа қоғам қайраткерін атауын беріп жатқаны көңілге кірбің түсіреді.Бүгінгі қоғам қайраткерлерінде алаш ардақтылары былай тұрсын,тіпті сол замандағы қарапайым жұмысшының да салмағы жоқ.Ол кездің қара жұмысшыларының өзі қандай еді…
Олар ресми түрде қоғам қайраткері деп мойындалмаса да мемлекеттің,қоғамның шын мәніндегі қайраткерлері еді.
Маған қоғам қайраткерін сайлау мүмкіндігі берілсе, еш күмәнсіз журналист Райxан Раxимдай тұлғаны қояр едім. Өзі үшін емес,xалқының қамы үшін қызмет атқаратын бірден-бір тұлға. Қоғамдық мәселерді айтып қана қоймай,оны іспен дәлелдейтін қазіргі заман батыры дерсіз. Негізі, қоғамды емес,қоғамның бір кірпіші-жеке адамдардың мәселесін шешуі,қоғамда қалыптасқан кері стеоротиптерді құлатуы,шын мәнінде қоғам қайраткері атауына бірден лайық адам екенін айғақтайды.Бірақ,сіз бен біз өмір сүріп отырған бүгінгі қоғам Райxан Раxимдарды “қоғам қайраткері” деп танығысы келмейді.Оның орнына тойдан қалай табыс тапсам деген әншілерді,ата-анасының арқасында ілініп-салынып жүрген депутат сымақтарды тағы сол сияқтыларды сайлағанды жөн көреді. Райxан Раxимның ұлт үшін атқарған еңбегінің мыңнан бірін де істемегендер шіренгенде аттың таралғысын үзіп жібере жаздайды.
Маған Райxан Раxимдай кісілер кей-кейде кешегі алаш арыстарының
соңғы тұяқтарындай болып көрінетіні бар.
Іздесеңіз,міне,сізге қоғам қайраткері!
«Өткенге бұрылып басыңды и, ертеңге қарап білегіңді түр» деген екен
ғұламалар. Расында да біз өткенге қарап үлгі алып,болашақ үшін еңбек етуіміз керек. Тәуелсіздік алған елең-алаң тұста ұпай үшін емес, ұлт үшін тер төккен тарландарды шаң басқан архивтерден емес, отандастардың жүрегінен тапсақ екен деймін.
Өткен қоғам қайраткерлерін дәріптеп қана қоймай,солардың жасағын ерліктерін біз де іске асыруымыз тиіс. Темір ханым атанған Маргарет Тэтчер: «Мен шаршағанша, қаламын. Ал Британия мені қажетсініп тұрғанда, мен ешқашан шаршамаймын», деген екен.Бізді де қазіргі таңда Қазақстанымыз қажетсініп тұрғанда,құр қол қалмайық.Осы бастан, әрбіріміздің жүрегіміз “Елім!” деп елең етсе ,болашақта “Идеал” қоғам қайраткерлерінің титулын қалыптастырарымыз сөзсіз!