Республика алаңы. Іштегі шабыт деп аталатын нәлеттің сыртқа ұмтылысы демімді ауырлатып барады. Мұрынға келген иіспен мүның күші еселене түсті. Қаухарым жетпесін білгендіктен жүгенді босатып қоя бердім. Мұрын бұрған жаққа аяқ кетіп барады.
Алмалы. Ішіне кіре бергенде әлгі шабыттың кілті көзіме оттай басылды. Оған жақындаған сайын өзімді түнекке қамап, альтер эгомды босатып жатқандаймын. Ендігі көзім де өзімдікі емес. Иісі мүңкіген кофе сататын дүңгіршектің маңында кезегімді күтіп тұрмын...
- "Сәлеметсіз бе! Не қалайсыз?" - деді, бір қарағанда қазақшаға шорқақтау болып көрінген бойжеткен.
- "Сәлем "етпіз" - деп қарадым (қызықсың сестришка кофеден басқа не қалайсың деген взглядпен)
Шаршаңқы түрімнен явно ауылдың нышанын байқаған бұл сылқым, мені аяған түрімен (шамасы түк білмейтін ауылдан ары бір метр жүрмеген, ойының ұшқырлығы өтпейтін пышақтай тупой деп ойласа керек) кофенің түрлерін түсіндіріп жатты. Әрине, кофеманға кофенің түрлерін түсіндіру, Абайға ақыл үйреткенмен бірдей екенін көбі біле білмейді. Содан шоколадты сироп қосылған Латтемді алып Алмалының оң қанатынан шығып, Желтоқсан көшесіндегі аялдамаға жол тарттым.
Кофемді ұрттаған сайын, эгом өзімді әлсіретіп, күшіне ене бастады. Эго:
- "Ну, сәлем, Нұржаныч" - деп өзінің 30 минуттық пәлсапасын бастады:
"Адамдар үшін өмірде тек бір-ақ көз қарас бар, ол өзінің көқарасы, басқасын мойындамайды. Адамның барлығы дәл сол ойлағандай өмір сүруі керек. Объективтілік? Түсіністік? Жо-жоқ, естімедім. Және адам ақыл айтқыш, бір қызығы ол ақыл тек ақыл алушы адамға ғана керек. Өзіне керек емес. Мысалы менің көршім секілді. Әнеу күні баласын сабап жатты. Іле-шала түсінгенім, 8 сыныпта оқитын баласы шылым тартып жатқан жерінен ұсталып қалыпты, содан бұл белбеуді алып шыңғыртып сабап тастады. Сыртқа шығып тұрсам, сол ұлын сабаған әкесі нервысын басып "темекі" тартып тұр екен." - осы ойды ойыма салып қорытып болам дегенше аялдамаға автобуста келіп қалды. Ендігі шабытыммен болатын әңгіменің темасын жәймен ұғып отырдым:
"Автобус келіп артқы орынға жайғасып алдым, қолдағы кофенің ыстығы әлі басылмаған. Алдыңғы жаққа назар аударғаным сол еді, бір әйел орнынан тұра салып жүргізушіге жетіп барды:
- Остоновите автобус, я остановку пропустила!
Жүргізуші:
- Не положено.
Осы сөзді естіген әлгі әйелге оқ тиді. Аялдамадан қалып қойғанына жүргізушіні кінәлап отырған тәрізді. Кенет автобус тежегіші шиқылдап бірден тоқтай қалды. Сөйтсек автобустың алдындағы көлік авариялық жағдай туғызып бірден тежегішті басқан көрінеді. Автобус енді қайта жүріп бара жатыр еді, әлгі өкпелі әйел жүргізушіге аузына келгенін айтып, өзінше заң қой бола қалып, үстінінен шағым түсіретінін жеткізіп, тоқта деген жерінен тоқтамағаны үшін, ақысын алып алғандай терең тыныс алып отырды. Ал мен бақылап отырмын.
Марков көшесіндегі аялдамадан менің бір ескі танысым отырды. Мені байқап қалып, қасыма кеп жайғасты. Амандық сұрасып болған соң үнсіз отыра бердік. Келесі ҚазҰУ дың аялдамасына жақындаған сәтте алдыңғы қатарда отырған, тым қысқа киіп алған қазақ қызы атып тұрды. Сәл еңкейсе көтені шығып кеткелі тұрған сылқым, автобустағы біраз еркектің назарын өзіне аудартып үлгерді. Бір кезде жанымда отырған танысым:
- Біләә нақ! Қазақтың қызы ғой! Ұялса қайтеді! Ата-анасы қайда қарап отыр екен! - деді қолындағы блокта тұрған айфонның заставкасындағы жалаңаш Харли Квиннді итеріп, кодын теріп.
- Мразь - дедім ішімнен.
Үйге келдім, жуынып шайынып түскі асымды дайындауға керекті нәрселерді алуға дүкенге жинала бергенімде, бір досым хабарласты:
- Шықсай, келіп тұрмын.
- Қазір. (Есікті құлттап сыртқа шықтым.)
- Кеттік - деді.
- Қайда?
- Қайдасы нес, бүгін жұма ғой, жүрсеңші мешітке барайық!
- Бармаймын, өзің бара бер - дедім.
- Ой, лібә өмірі осы сенікі, адам деген мешітке барып тұру керек қой - деді, "бітіңкіреп қалған темекісін құшырлана ішке тартып."
- Оны қойшы, айтпақшы, кеше өліп ішіпсіңдер ғой, қалай басың аурып тұрған жоқ па?
- Ой, мен ондай-мұндайды көтере берем ғой, 3 шиша ішсемде масаймай смело жүре берем. - деді мақтана.
- Ие, жұма қабыл болсын, мен жүре берейін, шаруаларым бар - деп дүкенге кеттім."
Дүкеннен шығып жатқанда, кофемнің қуаты тарқап, эгом әлсірей бастады. Бір жаманы шабыт эгоны шақырады. Бірақ эгоның ойы, маған ой салды. Саған ше?