Көбелек бикеш

Көбелек бикеш
жеке
блог

Көбелек бикеш
(Қызды сүйген қыз)

Түнімен ұшқан аңсайды көбелек нені,
Тамшы боп көктен ұрсам ғой себелеп сені.
Көздерің мөлдір тұп-тұнық қарашығыңның,
Тақтасына ақ тасташы шегелеп мені.

Көбелек ғұмыр сендегі ұласып жатқан,
Жақында бері қабайын құлашым қақпан.
Мен түнді сондай сүйемін өртенсін ішің,
Қызғаншы мені қызғанып жылашы ақ таң.

Көбелек ару түнекте ебелек қаққан,
Күтпейді сені түсінші керемет ақ таң.
Жұлызды түні жарқ етіп аспаннан жерге,
Екеуіміз бірге тәп-тәтті өлең ек аққан.

Сүйейін мейлі маған жат қылығыңды ерсі.
Тағыда тағы тамсанып бұрымыңды өрші.
Көбелек бикеш түндіксің ақыры солай,
Ұрынсаң егер маған кеп ұрынып өлші.

Әттең-ай әттең, жүрексіз жалған ғой мына,
Жатырда жатқан шағыңда қалған ғой күнә.
Жап-жарық тәнің елітіп құлқымды бұзған,
Ендігі мына құшаққа арман ғой сірә.

Болмашы уақыт бақытым несіне болдың,
Түстіме қалқам жылуы есіңе қолдың...
Қайтейтін сені, қайтейін көшеде тұрған,
Кезбе қыздың кеп ынтыға төсіне қондың.

Көбелек бикеш көйлекті кимейсің жылап,
От кеудеме кеп өртеніп күмейсің құлап.
Жүрексіз жалған тап сені жаратқан солай,
Өзіңе тартып еркекті сүймейсің бірақ 

01.12.2014