Коала жайлы не білесіз?
жеке
блог
блог
Коала (лат. Phascolarctos cinereus) - қалталы аю. Қалталыларға жататын сүтқоректі. Дене ұзындығы 60-82 см, салмағы 16 кг дейін жетеді. Бетінен ерекшеленген мұрны қара, үстіңгі жағы тақыр. Сырт жағынан құйрығы байқалмайды. Алдыңғы аяқтарының бірінші және екінші тұяқтары басқаларына қарамақарсы қойылған
.
Эвкалипт ормандарында (Австралия), ағаштарда мекендейді. Түнгі баяу қимылды жануар. Эвкалипт ағашының жапырағымен қоректенеді,
.
Ересек еркек коала үйір құрайды. Бір тұқым береді, ол анасының дорбасынан 9 айда шығады. Коалалар 12 жыл өмір сүреді. 

