Кінәлап сені
жеке
блог
блог
Елітіп алып, ескермей кеттің,
Ерте де емес, кеш келмей кеттің.
Өзгеден мені қызғанып жүріп,
Алдымды орап, дес бермей кеттің.
Сенімге кіріп, сенімсіз еттің,
Ақыр соңында теңімсіз еттің.
Қиялға құлаш жайып беріп ем,
Ырқыма менің көнімсіз кеттің.
Көңілге күдік, кірбің келтірмей,
Еріксіз мені жүргің келтірмей.
Кездер-ау, кездер оралмас қайта,
Сырғанақтаған мұздың бетіндей.
Шығарып шерді, шырқармын тағы,
Күңгірт көңілден бұлт арылмады.
Мен саған сыйлар қалмады еш не,
Жоғалды сезім күн тарылғалы.