кінә артпа маған қаламым

         Қайтейін енді?!

Кінәләма,кінә артпа маған, қаламым, 

Қайтейін енді,зар жұтқан сондай баламын.

Оңтайлы сәт түсе қалса соңында

Мерзімі жеткен гүл секілді соламын.

 

Сынға толды,мұңға толды өмірім,

Осы болды саған халқым берерім.

Қарашаның қамын жейтін қазағым

Қабыл алғын мұңлы ақынның өнерін.

 

Сырларымды сіңіріп саған жүр едім,

Өсекші боп қалдың ғой сен өлеңім.

Мұң мұқтажды саған ғана айтқанда

Не істемедің,қалды енді нелерің?

 

Жалғыздық тән тек Аллаға білемін,

Неге онда жалғызсырап жүремін?

Сіріңкенің сынығындай өмірім

Қара аспандай бұлтпен неге түнердің?

 

Сен бе едің,ей жалғыздық сыңарым,

Деуші еді ғой қыз алад деп сұрауын.

Қай жерінен шалыс тарттым таспихты

Қалатындай жетім болып сұрауым...



Бөлісу: