Кімнен, нені күтеміз...

Кімнен, нені күтеміз...
жеке
блог

Бесіктен белі шықпаған,
Өмірден түк те ұқпаған,
Техникамен арбалып,
Дәстүр санаға жұқпаған,
Кімнен, нені күтеміз?

Анасын сыйлай білмейтін,
Әкенің сөзін ілмейтін,
Баратын жері клуб, бар,
Мешітке мүлде кірмейтін,
Кімнен, нені күтеміз?

Адал дос жоқтың қасында,
Өзіндік ой жоқ басында,
Кеудесін керіп, пісірген,
Ақша мен байлық, расында,
Кімнен, нені күтеміз?

Білмейді Абай дананы,
Ұмытқан кітапхананы,
Пайдасыз ілім-біліммен,
Толтырған миды, сананы,
Кімнен, нені күтеміз?

Махаббат деген бір түндік,
Отбасын құрар бір күндік,
Болдырмай, алдын алмастан,
Ажырасқандарға мың күлдік,
Кімнен, нені күтеміз?

Тілемей үйді балалы,
Таңдамай дұрыс саланы,
Ауылдан қашып бәріміз,
Қаладық дала, қаланы,
Кімнен, нені күтеміз?

Біреуді алдау, арбауды,
Үйрендік қалай қармауды,
Көк бізді қабыл алардай,
Аңсаймыз көкке самғауды,
Кімнен, нені күтеміз?

Құранды төрге қоямыз,
Оқымасақ та, тоямыз,
Бетіміз жылтыр, тым сұлу,
Көкіректе ұйқы, ояумыз.
Кімнен, нені күтеміз?

Айтса егер біреу ақылды,
Тыңдамай, сабыр сарқылды,
Арамды достай көреміз,
Шет жаққа теуіп жақынды,
Кімнен, нені күтеміз?

Жеті ата білмес жетесіз,
Иман, білімсіз не етесіз,
Осылай жалғас тапса егер,
Бөлініп көптен кетесіз,
Кімнен, нені күтеміз?...

Санамнан ақыл қашпағын,
Орынсыз сөзді шашпағын,
Тыйғаннан тыйым бол-дағы,
Харамды білгін, баспағын,
Қаласаң адам боп қалғың,
Адамдықтан, дос, аспағын...