Кімге сенейін?

Кімге сенейін?
жеке
блог

 Мен танитын адамдар-мен таныған күйінде қалсыншы!

     Қылышын сүйреп  жүрген қысты ресми түрде шығарып салғанымен, әлі де ызғары бар, әлі де  бізді қимай жүр. Қыстың кенжесі маған  жарық  дүниені сыйлағанымен қоймай, біраз сыйын  өзіне қайтаруымды талап етіп жатқан сыңайлы. «Сыңайлы»  деймін-ау,  мәдениетті түрде тартып ала салды ғой. Енді сол үрдісті көктемнің тұңғышына аманаттаған тәрізді. Не жайлы «қуып»  отырғанымды түсінбедіңіз бе? Ашық жазайын десем тағы  да зарлап кетейін деп тұрмын.

            Ақпанның 10-ы. Көз тиді ме, сөз тиді ме, басқа нәрсе тиді ме, білмеймін. Екі жыл бойы  жұбымыз жазылмай, «сендер бір-біріңе ұқсайсыңдар», «сен ана жақтан, ол ана жақтан болса қалай танысып, араласып  жүрсіңдер?», «сендер бір-біріңе кім боласыңдар?»  деген сұрақтарға көміліп  жүретін досыммен, досым деймін- ау,өмірімнің бір бөлшегі саналған аса қымбат адамды ренжіттім. Бір күн өтті. Екі,үш...он...,жиырма...,бір ай...осылай күн артынан күн,ай артынан айлар өтіп бара жатыр. Бастапқыда телефон шалып, хабарластым, үйіне бардым, «неге?» деген жалғыз сұраққа бір ауыз жауап алғым келді. Жауап жоқ: тұтқа көтермейді, жауап жазбайды, есік ашпайды. Өзімді қатты кінәлі сезініп,  өлгім-ақ  келді, шын, өлгім...(ол кезде өмірдің қадірін білмейтінмін). Кәдімгідей дүниенің астан-кестені шығып кеткендй болды, мен үшін. Уақыт өте бәрінің  өткінші екенін, сол кезінде қиын,азап деп жүргендеріміздің болмашы болып қалатынанына толық көзім жетті де, өзімді неге кінәлап  жүрмін деп ойландым. Мүмкін, бұл өзімді алдаусырату шығар, мүмкін тәкәппарлығым болар, ол мені ұмытса, өмірінен оп-оңай өшіріп тастаса мен де солай істеймін  деген шешім қабылдадым. Білемін, ол осыны оқып та отыр,мен екенімді де біледі. Мен оған қалай сенген едім, иә?! Сенің өмірің менікіне ұқсас дейтін. Ал дәл қазір ше, бұл жағдай да ұқсайды ма екен, білгім келеді. Сенген едім  демекші, мен оған әлі де сенемін. Талай асуды бағындырып, армандарына қол жеткізетініне сенемін, менсіз де өмір сүретініне сенемін. Мен кім едім сонша иа? Бәрі  бітті деді ме,бітсін! Мен оның өмірінен кеткеніммен  өз өмірімде, өз әлемім де әлі  де бармын ғой,тіршілік етуім керек, бар болуым керек, бар екенімді дәлелдеуім керек. Бірақ, кімге нені неге дәлелдемекпін? Мен өзімді не үшін онымен араласу, сөйлесу құқығынан шеттетілгенімді әлі түсіне алмай келемін. Оған деген сенімім мен құрметім...олардың алдында не жауап берімді де білмеймін. Жарар! Болған іс болды, бояуы сіңді.

 


            Ақпан аманаттап кеткен заңдылықты Нарекең  бұлжытпай, мүлтіксіз орындауда. Өзім қатты танымасам да сырттай танып, құрмет тұтатын екі жан бар еді. Алтын еді,ғой, шіркіндер, алтын!  Жүздерінен қайғының  көлеңкесі де байқалмайтын, үнемі қуаныштың,бақыттың  желі есіп тұратын.Жасаған қылықтарынан еш жасандылық байқалмайтын, кәдімгідей өзіме бір емес,екеуін де кумир  деп таныған едім. Енді ше? Дәл қазір ол екеуінен де жамман көңілім қалды,қатты. Адамды тани түскен сайын өзгере беретін секілді ме,қалай?! Білем, жек көруга құқығым жоқ шығар, болмасын да! Болса да, жек көрмеймін де! Бірақ, сенімім әбден жоғалды,кәдімгідей, ұшты-гүйлі жоқ болып кетті. Енді екеуі де мен үшін жай адамдар, алтын емес, кешіріңіздер!

            Бірінші  абзацтағы  сұрақтарыма өзім жауап жаза салғандаймын,иә?! Әркім өз басына түссе ғана ақты-ақ, қараны- қара күйінде таниды! Өтініш, менің сенімім мен құрметімді қайтарыңыздаршы....