Кім кінәлі? - Естен Ерболұлы

– «Бесік жыры» деген не осы? Түінсем бұйырмасын! Бір ыңылдаған мыжыма әуен ғой! Қазір заман басқа, одан да, мынаған қарашы, менің ермегім мынау, – деді омырауындағы баласын кілемнің үстіне қоя салып, сосын телефонымен жағаласып, әлекке түсіп кетті. Баж еткен баласына оқыс тыжырына қарады да, тұра тұр балам, мен сені музыкамен оятам деді. Сөйтті де, батыстың даңғаза әуенін қосып жіберіп, билей жөнелді. Бала уанбады. 

– Кел жаным, жылағаның қандай сүйкімді, суретке түсіп алайық, сонда уанасың ! – деді дағы баласымен суретке түсе бастады.

. . . . . . . . . . . . . . . . .

Елу жылдан кейін қарт ананың ауруы жанына батқаны соншалық, сөйлеуге де шамасы келмей, төсегінде ыңыранып жатты. Оның қасында тұрған баласы; 
 – Уайымдамаңызшы ана, келіңіз онан да суретке түсып алайық, әлі-ақ жазылып кетесіз! – деп самбырлай сөйлеп, жарқылдатып суретке алып жатты.

Естен Ерболұлы



Бөлісу: