Кім-кімге қорған болушы еді ... өзі... негізі...

      Тірлікте мынау тіреусіз, тірексіз жүре алатын адам бар ма екен? Не әкең, не анаң, не ағаң, әпкең, досың... әйтеуір біреуге арқа сүйеуің керек екен. Бірақ күндердің күні саған да біреудің арқа сүйеп, сенім артып, үміттеніп жүргенін білгеніңде, өзіңнің де есейгеніңді сезініп, жүгің ауырлай түседі екен. Бұрынғы өзің арқа сүйеген адамыңның халін ұғып, түсіне бастайды екенсің. Өмір алма-кезек деген...

Н.ғ.: ...есею сондай қиын... бәрі де қартаяды, миың да, жасың да, түрің де... бәрі... қайда келіп тоқтадық өзі(?)...

 ***

   Өзіңе де, жұмысыңа да, айналаңдағы адамдарға да, істеген істеріңе де, қысқасы, барлығына, жалпы өміріңе көңілің толмайды. Неге? Не қалайсың сонда? Ал, сол өзің қалайтын нәрсеге өзің лайықтысың ба? «Еңбек етпей, қам жемей», нені дәме етпексің? «Бай болғым келеді! Көп ақшам болса! Қымбат киім киіп, «крутой» машинам болса!» - дейсің. Оның бәрін қашан, қалай таппақсың, егер тіпті саусағыңды қимылдатқың келмесе? Оған да жауабың бар: «Бай күйеу керек!». Бай күйеу сендей ақылын істетпейтін, жалқау адамды қайтсін, қолынан түк келмейтін? Айтшы? Ал, сен тапқан екі тиыныңды темекі мен сыраға жұмсап, құрбыларыңмен қыдырып жүргеніңде, ауылыңдағы сорлы шешең ауру ініңді аяғына тербетіп, ініңе мемлекет беретін бес тиын жәрдемақысын қалған екі сіңіліңнің аузынан жырып, саған, пәтеріңді төлеуге жіберіп отырғанын ойлайтын түрің бар ма, жоқ па? Неткен санасыз ең! «Ой, қу, дүние-ай, санасыз пенде-ай» деп менің қазірден бастап айтқаным ерте емес пе? Қашан адам боласың, сіңілім? Қашан? Жасыңның 24-ке келгеніне қарамастан, 14 жасар қыздың қиялымен жүрсің. Шындық осы. Өкінішке орай бұл - шындық. Сен және сенің ақымақтығың осы өмірде бар. Және оны мен өз көзіммен көріп жүргеніммен, менің айтар сөзім мен ұсыныстарым құлақ тұсыңнан желдей есіп кетіп жатыр. Ақымақтығыңды амалсыз тамашалаудан басқа шарам жоқ. Әттең, туғаным емессің, туысымсың. Туғаным болсаң, қолымнен келсе, не гүл, не күл қылар едім. «Жүрісіңді» анаңа айтқаныммен, тұңғышым деп саған шаң жуытпайтын сорлы анаңның бір түйір еңбегі мен уайымына, көз жасына тұрмайтын сендей санасыз қыздан не хайыр, не жақсылық, не үміт болмақ? Амал жоқ, амал жоқ, сен сондайсың... сендейлер және өте көп... ұлы да, қызы да... соған қарамастан, сендейлерге де сеніп, үміт артып жүргендер де баршылық. бірақ, қалайша...

Н.ғ.:   ... адам боп келгенмен, адам боп кету қиын, расында...



Бөлісу: