КІМ БОЛҒЫҢ КЕЛЕДІ???

КІМ БОЛҒЫҢ КЕЛЕДІ???
жеке
блог

Кім болғың келеді?

Бірі сені ойына алған кезде кім болғың келеді? Жүзіне жүгірген күлкі ме, әлде жүрегіндегі жарасы ма?

Атың аталған жерде кім болғың келеді? Көзінен төгілген бір тамшы жас па, әлде көз қарашығын үлкейткен шаттық?

Ал, бірі сүретіңді қолына алған кезде кім болғың келеді? Қасіріетпен өртелген қағаз ба, әлде сағынышпен қушағына алған естелік?

Екі адам ескілерін ақтарғанда кім болғың келеді? Олардың сөздерінен шыққан боқтық па, әлде Алла үшін етілген бір дұға?

Кім болғың келеді? Кім болғың келгені маңызды емес, ол үшін не істей алатының маңызды!