Сәлем, массагет! Көптен бері жазбай, сағынып қалдық:)
Менде не жаңалық? Біріншіден, көптен күткен 2-ші семестр де басталып, сабақтың атмосферасына әбден кірісіп кеттік! Осы семестрде қызық-қызық пәндер қосылған сияқты. "Стилистика және редакциялау", "Баспасөз қызметі", "Қазақ әдебиеті"- қазір ойыма келіп тұрғандары. Бұл сабақтардан алған құнды ақпараттармен, ойлармен де бөлісіп тұрармын. Болашақ журналистерге қызық болса:)
Екіншіден, 4-ші Қайырымдылық Балдың төңірегінде өтетін барлық шаралары ресми түрде ашылды. Осы жылы үміткерлікке тапсырыс берген адамдар саны - 3475! Оның ішінде мен де бармын) Оқиғаның ары қарай қалай өрбитінін баяндап тұрармын. Балдың осы жылы қайырымдылықтың қай түріне баса назар аударғанын, дебютанттардың кім болатыны жайлы "Екпіндегі" фоторепортаждан оқи аласыздар.
Сонымен қатар, бүгін мен Әлихан Бөкейханов атындағы экономикалық журналистика Клубының жаңа мүшесі болдым. Университеттегі Жетпісбай Бекболатұлы ағайымыздың шақыруымен. Ең бастысы, Клубтың идеясы, мақсаты - өзімді бұрыннан бері ойландырып-толғандырып жүрген мәселелер тетігін дөп басты. Мен үшін бұл өте маңызды кезең сияқты. Өйткені 4 жыл дегеніміз аз, ондай 4 жылдар алда әлі (Құдай қаласа) көптеп болар.
Алайда студент кезіңнің 4 жылы қалыптасу мен ой түзу кезеңі. Бұл жылдарда мүмкіндіктің есігі айқара ашық тұрғанда, қолыңнан келетін нәрселерді максималды түрде жасау керек. Көптеген ұлы тұлғалардың өмірбаянын қарап отырсаң, олардың көбісі студент кезінен неше түрлі ұйымдардың, клубтардың мүшесі болып бастаған... Сондықтан бұл кезеңді пайдалы өткізгім келеді.
"Екпіндегі" жұмысым мен Клуб жайлы жаңалықтарды әлі де жаза жатармын.