Климаттың өзгеруіне менің қатысым бар ма?!

Алматы қаласындағы «Тұран» мектеп-лицейі мен «Жаңа мектеп» оқушыларына арнап “Henkel” компаниясының қызметкерлері “CO2 & Климаттың өзгеруіне менің қатысым бар ма?!” деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Бұл сабаққа БАҚ өкілдері қатысуға мүмкіндік алды.


Әлемдегі барлық адамзат баласы Табиғат-Ана берген ресурстарды қолданады. Алайда, сол ресурстарды дұрыс пайдалана алмайды. Есесіне Табиғат-Анаға залал келеді. “Henkel” компаниясының қызметкерлерінің айтуы бойынша, табиғатқа құрметпен қараған жағдайда ғана біз оны сақтай аламыз. Осы ойды мақсат еткен компания мектеп оқушыларына арнап дәріс беруді қолға алған. Табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану, оған жауапкершілікпен қарау, сақтау, қорғау жайлы лекция-сабақтарын жүргізеді. Алдағы күндері Алматы мен Астана қалаларындағы 6 мектепте, №1,2 балалар үйінде сабақ беруді жоспарлап отыр. 750-ден астам балалар экологияны сақтау жөнінде ақпарат алады. . Сабақ барысында қажетті ақпарат қана беріп қоймай, балалармен әңгіме құрып, қызықты ойындар жүргізеді. Балалар өз ойларымен бөлісіп, суреттер салып, командалық жарыстарға қатысады. Сабақ соңында әрбір балаға естелік сыйлықтар мен сертификат табысталады.

 Суреттер ұйымдастырушылар тарапынан берілді

 

 





Бөлісу: