«Киіз үй күні» жайлы естіп пе едіңіз?

«Киіз үй күні» жайлы естіп пе едіңіз?
жеке
блог

Былтыр ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде материалдық емес мәдени мұраларды қорғау Комитетінің ұйғаруымен киіз үй «Отбасы мен дәстүрлі қонақжайлылықтың нышаны» болып бекітілді. Сонымен қатар олар киіз үйді «қазақ пен қырғыз халқының өзіндік ерекшелігінің айнамыс бөлшегі» екенін де мойындады. Нәтижесінде «қазақ пен қырғыз киіз үйлерін жасаудың дәстүрлі білімі мен әдіс-амалдары» деген екі ұлтқа ортақ номинация адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енді.

«Алматы қолөнер палатасы» ҚҚ мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы бюросы орын алған осы бір айрықша жайтты ұлыстың ұлы күні қарсаңында, анықтап айтар болсақ, сәуірдің 4-і мен 5-і күндері асыр салып атап өтпекші.  Алматы қаласындағы Жібек Жолы даңғылына (Арбатқа) келген жұрт ұлттық ойындарды ойнайды, салт-дәстүрді тамашалайды, ұлттық тағамнан дәм татады, жәрмеңкеге қойылған сан түрлі бұйымдарды сатып ала алады әрі концерттік бағдарламаның көрермені атана алады. Тағы бір айта кетерлігі, бұл әдемі мереке қала және Алмалы ауданының әкімияты қолдауымен өтпек. 

Қосымша ақпарат бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыздар:

+7 (727) 3938622;  +7(705) 715 74 39; +7 (778) 829 29 73.

E-mail: almatycraftsfair@mail.ru