Қиялымның ақ қанаты

Қиялымның ақ қанаты
жеке
блог

Қайда бастап барасың қиял мені?!

Сәл кідіре тұр енді өтінемін.

Балалық елітіп күй ән демі,

Сергелдеңге көп түсіп кетіп едім.

Түсті есіме баяғы бал күндерім,

Құшағымды қайтара жаяр менің.

Арманымның жолында сан бүрледің,

О,сол сезім сен неткен аяулы едің.

 

Балалығым сағымға ене берді,

Қайта айналып келердей көрінеді.

Жалтақтаумен артыма әлі келем,

Білмедім лауларымды,сөнерімді.

 

Бос уақытты өткізбей,от боп жанып,

Бал бақыттың шырқаңдар әнін бірге.

Бауырларым жүрмеңдер қапы қалып,

Қайта айналып келмейтін бал күніңде.