Қиялдаңыз мырза: Ұлы да құдіретті ОЗ

Қиялдаңыз мырза: Ұлы да құдіретті ОЗ
жеке
блог

Бір түсті сұр әлемнен жалықтыңыз ба? Онда сізге "Ұлы да құдіретті Оз" (ОЗ:великий и ужасный) фильмін көруге кеңес беремін. Иа, иа, иа не себепті деген сұрақ туындайды. Жауап беруге тырысайын.

Елестетіңізші, сіз күнделікті сұрғылт түсті өмірде күн кешіп жатырсыз. Бірақ сіздің қиялыңыздағы әлем және сіз мүлдем басқа әлемге  және басқа орындарға лайықсыз. Бұл әлемде сіз өтірікшісіз иа қарапайым өтірікші емес иллюзианист өтірікші. Сіздің қойылымдарыңызға ешкім келмейді, келген күнде де сізге сенімсіздікпен қарайды. Тіпті ол аз дегендей көшпелі циркта өмір сүресіз. Жаман күй әсер етіп өтті иа...  Әр жерге барғанның бір пайдасы бар ол әдемі қыздар мен олардың сізге деген әдемі сезімдері. Әрине қыздар құлақтарымен сүйеді, жәй ғана шкатулка сыйлап оның сіздің өміріңізде үлкен орын алатын апаңызды ең керемет заты екенін айта білсеңіз болды. ...

Оз атты иллюзанист өтірікші жігіт желі тоқтамайтын Канзас аралында осындай сұрықсыз әлемде өмір сүріп жүріп торнада ураганына тап болады. Сол бір торнадо желі оны бір керемет қызылды жасылды, ұшып қана қоймай сөйлейтін маймылдары, феяларының тісі бар керемет те қорқынышты аралға әкеліп тастап кетеді. Ескерте кетейін әлемнің әдемілігі көздің жауын алады, байқап отырыңыз аузыңыз ашылып қалмасын... |Әлгі әлемнің әдемілігі сондай ол жерде де тек әдемі қыздар күтіп алады сізді. Тух, әдемі қыздарды ғана айта беріппін ғой сіздерді керемет сарай алтыннан апталған тақ күтіп тұр. Әрине, әдемі қыздардың легі мұнымен таусылар емес...

Ол әлемде сізді ең мықты сыйқыршы ретінде күтіп, сізге тақ берді. Салыстырыңызшы, қай әлем көбірек ұнар еді сізге? Мен Озды түсінем, менде мынандай керемет әлемнің ханы болуға барымды саламын. Себебі мен алтындарды сүйем... Соңы не болары маған да қызық, себебі мен де соңын көре алмай қалдым ))))

Қалай сізді кино қызықтырды ма? Онда 7- наурыздан бастап қалаларыңызды кинотеатрларынан осы фильмді қарап шығуды рекомендеймін. Мүлдем сіз елестетіп те көрмеген әлем сізді бірден қызықтырады. Тіпті қиялыңызға ерік беріп өзге әлемді армандайсыз. Армандаңыздар және арманға қол жеткізіңіздер!

Сәлемнен сол баяғы Айкона!