Қиял

Болса екен менің әсем қанатым,

Жоқ нәрсені өзі іздеп табатын.

Сағынғанда ата-ана, бауырды, 

Желдей есіп, құстай ұшып баратын.

 

Болса екен сиқырлы бір таяғым,

Дүниеге бейбітшілік жаятын.

Дау-дамай, дұшпандық пен жауызды,

Соғыс деген зұлымдықты жоятын.

 

Болса екен қызықтырар кітабым,

Әрқашанда елім мақтан тұтатын.

Жауап берер, ойландырмай көп уақыт,

Адамзаттың талай қызық сұрағын.

 

Болса екен ерекше бір сағатым,

Тоқтамайтын, өмір бойы соғатын.

Артқа бұрап, қимас шақтар келгенде,

Қателікті кешіруден тұратын.

 

Болса екен елге берер жүрегім,

Көппен бөліп жақсылықты тіледім.

Сол жүректің бір бөлшегі егер де,

Тисе саған, сен де менің тірегім.

 

Болса екен... Болса екен бәрімізде

Бақыт жырын жырлайтын әніміз бен

Денсаулық та, керек етер жанымыз...

Сондықтан да біз өмірдің сәніміз!



Бөлісу: