Қисық ауыз, Блогсұлтан Жазарбаев, Азамат Адамзатұлы, Қолтырауын Гена, Ганибалл... Құдай-ау қанша атпен блог жазып кеттім! Шын есімім: Мейіржан Жылқыбай, есім дұрыс, бірақ қиялилау адаммын. Қиялилықтың жақсы жағын алуға тырысып жүрмін (жақсы жағы жоқ емес, маған сеніңіз). Алдында жазылған "4 апта жеткіліктінің" де авторы менмін. Неге олай істеймін? Көп атпен жазамын? Бұл не, аурума? Иә болса, жұқпалы ма? Иә, өкінішке орай бұл кішігірім "Троллинг" деп аталатын ауру. Өөөте жұқпалы. Негізі Массагетте де бірінші рет емеспін, 2013 жылдың 24-қазанында "Балаға да, жасқа да" деген тақырыпта Арасанбай Естеннің "Біздің батыр бабаларына" рецензия жазған едім. Содан бері келіп отқаным осы.
Ауруға қайта оралайық. Мамыр айынан бастап басқа блогтұғырда блог жүргізе бастаған едім, IT жайлы. оқып жатқан мамандығым және 8-сыныптан бері осы салада жұмыс істеп келе жатқандықтан бұл тақырып өзіме жақын. Бірақ блогты бір жазсаң "кетеді" екенсің. Ақыры ана тақырыпты бір көріп, мына тақырыпты бір көріп, троль бола бастадым. Троль болғанда да амал жоқтан. Амалсыз бірақ ерікті қалай троль болып кетуге болады дейсіз ғой? Оңай! (Кейін бір тарқатып жазармын).
Массагетке не іздеп келдім?
Трольдікті жалғастыру мақсатымен деп ойлап отырған боларсыз? Жоқ! Мен қайта сол троллингтен шаршап келіп отырмын.. Басында блог жүргізе бастаған кезімдегідей тып-тыныш өз IT-імді елге үйретіп, арасында қол босаса әдебиетімді жазып (балалар әдебиетін жазатыным бар айтқандай, бірақ ол жайлы да, кейін). Әйтпесе басында түзу сөйлеген ауызым «қисая» бастады. Осында бұрын жазып тұрған Жадыра Аққайыр есімді қыздың айтуы бойынша, мен іздеген тып-тыныш блог жүршізетін орын осы - Массагет. Өзім жайлы басқа не айта аламын? Барлығын айттымғой деймін... Айтылмағаным бар болса кейінгі блоггтарда айтармын. Әзірге осы, «оқысқанша».
P.S.: Трольдің бәрін жек көре бермеңіздер, олар да блоггерлер. Тек, ауыздары қисық екені болмаса...