Мені толғантқан мәселе жетерлік.
Соның біразы болмаса да біреуіне тоқтала кетейін.
Кейінгі кезде жұртшылық үй алдық деп қуанып жатқанымен,ол қуанышы ұзаққа созылмайды.Неге?
Өйткені жаңа пәтерлерден дау көтеріліп жатыр.Ескі үйден есі шығып,жаңа пәтерге көштім дегенде жаңа пәтердің де берекесі кірмей тұр.
Бүгінгі таңда алып қарар болсақ, қисайған үйлер мен шатыры құлап жатқан баспана жыры үлкен мәселе көтеріп тұрғаны сөзсіз.
Пәтер қирап опырылар болса, апат, адам апаты көбейеді.Бұл бір.
Екіншіден қаржы есебінен кетіп жатқан қазынамызды жымқырары сөзсіз.
Үшіншіден біздің демографиямызға әсер етеді.
Өзіміз әрең 18миллион xалық болдық деп бөрігімізді аспанға атып,қуанып жатқанда үлкен шығынға тіреуі мүмкін
Осы мәселені қарастыра келе, салынып жатқан жаңа пәтерлеріміз сапалы,дұрыс салынса екен дейміз.