Киноға кіммен барасың?

-Киноға кімді ертіп барасың?

-Ертіп барам.

-Білем ғой, бірақ кімді?

-Барған соң көре жатасың...

Досымның әдеттегідей астарлы да сыни сұрағы. Ия, расымен кешке киноға барамыз деп апта уақыт бұрын уағдаластық, бірақ кімді ертіп барамын деген сұрақ шешілген жоқ. Жай күндері жұмыс және тб шаруалармен қалай зымырап бара жатқанын аңғартпай-ақ өте береді. Өзіңді бос емес етіп көрсеткен барша болмысыңмен арпалысып өтіп бір бүтініңді толықтырып отырсаң, екінші "бүтінің" толықпай, бос күйінде қала береді. Осындай сәттерде ғана басыңа "тық" етіп тиеді да, келесі жолы міндетті түрде кездестіремін деп, іштей бекінесің. Біраз уақыт аралығында жаңа адамдармен танысасың, танысқаны танысқан уақытымен қала береді. Жеке өмірді бір сәт болса да ойлап қою керек екенін Ағаммен кездескенде үнемі еске салып отырады. Өзі кеш отбасы құрғандықтан, бойдақшылық өмірдің берекесіз тіршілігінен тезірек аластатуды ойлайтын болуы керек. Сонымен тізімде тұрған "жандардың" ешқайсысы жауап қатпай жатыр. Бұл да болса менің үлкен кемшілігім деп түсініп отырмын. Уақыт жоқ деген сөзді алға тартамызда. аптаның соңғы күндері жаңадан көрген адамдай хабарласып тұрасың. Жолдасым бар, өзім қатарлы(екі үш ортақ достарымыз отбасылы, бала-шағалы), өткен күні кезекті футбол ойнап қайтып келе жатқанда: "Сауап деп келе жатырмын, өз өзіме. Аптаның 5 күнінің бір күні болсын кешкі сағат 00-00 ден ерте үйге қайтпаппын. Жүр осылай доп қуып, осы ғой саған керегі деп" өзімді қайрап келе жатырмын деп ойын пікірін білдірді. Ия, бойдақтық кез жақсы ғой, қайдасың, не істеп жүрсің деген артық сұрақтар қойылмайды. Бірақ барлығы өз орнымен, уақытымен екен. Сол досым жақында бір мейрамханада бір қызбен танысқан болатын, бүгін соны "сынақтан" өткерейін деп, әрі жақынырақ танысайын деп отырмыз. Соған жалғыз баруға ыңғайсызданып отырмын енді, массагетпен ой бөлісіп. Біздікі сыналмайды ау, дегенмен, ұятқа қалдырмайтындай досыңды ертіп барғың келеді. Очм, бойдақтықтан жалықтым. 



Бөлісу: