Ұлын уызынан қақпайды екен

Ол қанша танымал болса да, киноларға кастингке қатысып барып қана түседі. Талай сынақтан құлап та көрген. Тіпті ол біздің елдің кастингтерінен өте алмай, ең алғаш көрші қырғыз елінің киносына түсіп барып назарға ілігеді. Сондықтан бір рет жолың болмай қалса, салыңды суға кетірмей, үміттенуден, өзіңді дәлелдеуден шаршамауың керек дегенді үнемі өмірлік ұстаным етіп алған. Ол Алдияр есімді ұлын сүттен қақпай, уызына жарытуды кұп көрген. Мұндай шешім әлемдік сәнбикештердің тәжірибесінде өте сирек кездеседі. Оның репутациясы жақсы. Абыройы асқақ, артынан артық сөз ермеген. Демек ол табиғаттың берген сұлулығын орнымен пайдаланып, жанұясында да ықылас пен сүйіспеншілікке бөленген жан екенін байқатып келеді. Оның басты әрі үлкен кемшілігі бар. Ол ана тілін түсінгенімен, ол тілде еркін көсіліп ойын жеткізе алмайды. Меніңше, осы олқылықтың орнын толтырса, оны жас та, кәрі де құрметтей түсер еді. Біздің елде қос кеңістік бар: орыс тілді және қазақ тілді. Әсел әзірге орыстілді кеңістіктің сүйіспеншілігіне бөленді. Оның арманы мультикейіпкерлердің дауысын дыбыстау екен.



Бөлісу: