В тюрьме человек может делать всё, что угодно. Лишь бы его мозг был занят.

Биылғы жылы көрген алғашқы үздік фильмдерімнің бірегейі осы шығар. 

Бұрын киноны актерына не әдемі картинасына қарап көре беретінмін. Тіпті, махаббат туралы не хоррор болса да есте қалса болды дейтінмін. Осы жерден қатты қателесіппін. Осы қателігім үшін өмір бойына "кино көру" бақытынан бір жола айырса да аздық етер. 

Фильмнен алған әсерімнен аздаған "рецензия" жазсам деп  отырмын. А бірақ менің рецензиям спойлер болып кетеді. )))) Себебі, бұндай фильмдер қайталана бермейді. Ал, көрмеген достар болса оқымаңыздар. Қызық емес болып қалады. 

Сонымен, фильм көркемдік (художественный) бағытта, Стивен Кингтің "Рит Хейворт және Шоушенктен құтылу" повесі негізінде түсірілген. Психологиялық жағынан миға жылдамдығы 220-мен келіп тиюі мүмкін (а может 300-400км/жылдамдық), берері мол туынды. 1995ж бірнеше номинация бойынша "Оскар" сыйлығына ие болған екен. Әрине, соған тұрады. Егер еш премияға ұсынылмаса "Оскар"-дың еш мәні болмас еді. Басты рөлді сомдаған Рэд шын есімі Морган Фримен есімді актер, Шоушенк түрмесіне өмір бойына қамалған тұтқын. Фильмдегі басты модератор. Ақылды, жанжақты зерттейтін адам. Онан соң, Энди Дюфрейн шын есімі Тим Роббенс- ең мықты финансист, қаржыгер. 

Фильмнің түсірілім барысында бір-екі қателікті айтайын:(бұл фильм авторларынан алынған)

-Түрмеде "темекі" саудасы қызу жүреді. Алайда, анықтап қарағанда қамаудағылардың көбі темекі шекпейді-мыс. Оны мен де байқадым)

- Фильмнің соңында Эндидің қашып шыққанда мінген көлігі "Понтиак" 1969ж шығарылған, ал түрмеден қашу  1966 ж болған екен. 

Ұнаған кейіпкер: Брукс есімді чувак. Ол бар өмірін кітапханашы болып өткізеді. Түрмеге байланғаны сонша бостандыққа шыққанда ол қарапайым адамдардың арасында өмір сүре алмайтындығын түсінеді. Күнкөріс үшін жұмыс істеп жүргенінде бастығының түрпегіне шыдай алмай, кейде соны өлтіріп қайтадан түрмеге кеткісі келеді. Алайда ол өзіне қол жұмсайды. Сөйтіп бөлмесіне "Бұл жерде Брукс болған" деп жазып, қайтыс болады. Кейәннен дәл сол бөлмеге Рэд келеді. 

Қысқаша фильм туралы: 

Энди әйелі мен оның көңілдесін өлтірді деген айыппен жазықсыз қамауға алынады. Сөйтіп тәртібі қатал әрі әділетсіз түрмелердің бір- Шоушенкке қамалады. Ол басында киім жуатын жерде жұмыс істеп жүреді. Сөйтіп жүріп Рэд есімді тұқынмен танысып, жақын араласып кетеді. Рэд- өмір бойына бостандықтан айырылған адам. Алайда оның таныстары көп болғаны сонша мүмкін еместі мүмкін етіп береді. Эндимен жақын танысып кеткен ол оған кішкентай балға алғызып береді. Эндидің мақсаты камера қабырғасын сол балға арқылы тесіп қашу, ал ол оны "тасқа қашап жазғанды ұнатамын" деп өтірік айтып алғызады. 

Біраз уақыттан соң Энди кітапхана ісіне араласа бастайды. Сонда жүріп ол биліктен кітап қорын молайтуды сұрап хат жолдап отырады. 4 жылдан соң ол дегеніне жетіп, түрмеде үлкен көлемді кітапхана ашады.

Сонымен қоса, Энди түрме қызметкерлерінің салық, қаржы  жағын шешіп отырады. Соны байқап түрме басшысы оны өзінің қаржы мәселелеріне араластырып отырады. Энди соны пайдаланып өзіне жасырын түрде жоқ адамның атынан шот ашып, ақша жинай бастайды. Алайда оны ешкім сезбейді. Бастысы түрме басшысы өзіне қажетті ақшаны алып отырады.

Жаңадан келген тұтқын Томмиге Энди білім алуға көмектеседі. Бірақ ол кенеттен Томмидің әңгімесінен ол біреудің әйелі мен ауқатты көңілдесін өлтіргендігі туралы айтып қалады. Энди соны естіп түрме басшысынан оның ісін қарауды ұсынады. Алайда, Нортон чувак тегін қаржы кеңесшісін жібергісі келмей  әлгі Томмиді өлтіріп, Эндиді босатпайды. 

Сонда да ақыры Энди балғаның көмегімен камера қабырғасын қазып  түрмеден қашып шығып, шоттағы ақшасын алып қашып кетеді. Көп өтпей Рэд те мерзімінен бұрын босап шығып, Эндиді іздеуге кіріседі. Ал түрме басшысы (жоғарыдағы чувак) заңсыз әрекеті үшін ұсталмақ болғанда өзіне қол жұмсап өледі. Сол керек. 


Жалпы фильмнен алатын нәрсе көп. Түсініп қарағанға керемет фильм. Психологиялық-танымдық қабілетті арттырып, қаржы жағынан да мәлімет алуға болады. Тек өмірде қайталауға тырыспаған жөн) Тектен текке Дюфрейнді қарғап жүрерсеңіз ))))

Көрмесеңіз көруге кеңес беремін. Бірақ спойлерін жазып тастадым-ау деймін )))))) сонда да мен жазбаған дүние жетерлік :) Ұнайтынына басыммен кепілдік беремін. 

Ал сіз қандай фильммен бөлісер едіңіз?



Бөлісу: