Мен-қазақпын. Осынау сан ғасырлар бойы елінінің тәуелсіздігі үшін күрескен, халқының тыныштығы мен татулығы үшін жан пида еткен батырлардың ұрпағымын. Қазақпын мен... Осы сөзді шар әлемге жар салып, мақтана айта алатын қазақпын. Сатқындықты білмейтін, 'досқа адал, дұшпанға қатал'' қазақпын. Ата-бабамның қанымен келген тәуелсіз, бейбіт күнде өмір сүріп келе жатқан, бүгінгі кемеңгер, бақытты қазақтың қызымын. Керей мен Жәнібек құрған халықтың ұрпағымын.
Сан ғасырлардан бергі аңсаған батыр ата-баба, аға-әпке, аналармыздың қанына келген тәуелсіз күнде өмір сүріп келе жатқанымызды ұмытпайық. Біз не істедік? осы уақытқа дейін елге пайдасы тиер не керемет көрсеттік?. Не істей аламыз? Не істеуге тиіспіз?.
Осы бір киноны көргенде өзімнің қазақтың қызы екеніме қатты қуанамын. Мен сезінгенді басқаларда сезінді ме екен? Осы бір кино арқылы 5-6 ғасыр бұрынғы өмірге қайта оралып, сол әлемде болғандай сезімде болдым. Ерекше намысым оянып, өз-өзіме жоғарыдағы сұрақты қоя бастадым.Тәуелсіздікке масаттанғанымыз соншалық міндетімізді ұмытқан халықпыз, салт-дәстүрімізді жадымыздан шығарып бара жатқан ұлтпыз ғой. Міржақып атамыздай бізді кім оятады. Бізді оятатын аталарымыз о заманда кетіп қойған. Қашанғы бізді оята беруге тиіс, неге өзіміз оянбаймыз. Сәті келді, алға жылжып әлі бұданда биікке көтерілер күн туар деп армандап келеміз. Біз армандамауымыз керек, сол арманды жүзеге асыруға тиіспіз. Ақылмен ойланып, алға ұмтылуға, тарихта аталарымыз сияқты ойып тұрып орын алуымыз міндеттіміз...