Сәлем ғаламтор әлем!
Мен жақында Сузумэ: Есік жабуда атты аниме фильм көрдім. Менің сүйікті режиссерім Макото Синкай түсірген бұл фильм, әлемде нағыз фуррор жаасады. Сол фильм жайлы толығырақ айтқым келеді:
Он жеті жасар қыз және үш аяқты орындық бүкіл Жапония арқылы ақ мысықты қуып, сиқырлы есіктерді жауып жүреді. Қызықты естіледі ия?Сюжетте Сузуме анасынан 12 жыл бұрын айырылды. Бұл сан жай ғана таңдалған жоқ.
2011 жылы Жапонияда қазіргі кездегі ең үлкен жер сілкіністерінің бірі болды, содан кейін қуатты цунами болды. Цунами бірқатар апаттарға, соның ішінде Фукусима-1 атом электр станциясындағы апатқа әкелді.
Бұрын Сузуме өмір сүрген Тохоку аймағы цунамиден қатты зардап шекті және оның анасы көптеген құрбандардың бірі болған. Осы жайт оның бүкіл Жапония бойынша жер сілкінісін алдын алуға не үшін таңдалғанын түсіндіре алады.
Жапония өздеріңіз білетіндей әлем бойынша ең жер сілкінісінен жапа шегетін ел. Фильмде жер сілкінісі болатын жерлерде есіктер орналасқан, сол есіктерден сілкініс тудыратын үлкен қазақша айтқанда құрт шығады. Есіктер қараусыз қалған жерлерде кездейсоқ орналаспайды, олар адамдардың өткен бақытына арналған ескерткіштер, ал олардың артына қамалған құрттар көптеген адамдар ойлағандай табиғаттың күші ғана емес. Құрттар қазіргі уақытқа әсер етуге тырысатын қайғы-қасірет пен қайғылы оқиғаны еске түсіреді. Есіктерді жабу арқылы"қорғаушылар " яғни, Сузумэ, ұлт алға жылжуы үшін өткенді босатады.
Бұл анименің Мақсаты Сузуме әдемі Сотаны құтқару ғана емес, нағыз мақсаты өз өміріндегі үлкен трагедияны қабылдау. Он екі жыл бойы оның жүрегін ауыртқан қайғы-қасіретпен қоштасып, басқа қаншама тағдырларды құтқаруда. Бұл фильм Жапонияны біз білмейтін жағынан көрсетеді.