Кейінгі кезде "адамның ішінде бірнеше адам сүруі мүмкін" деген теория мені қатты қызықтырады. Осы тақырыпта біраз кино мен кітап оқып шықтым. Білмейм, менің ойымды қанағаттандыруға Джеймс МакЭвойдың актерлығының шамасы жеткен сияқты...
"Sulpak Cinema" компанисының шақыруымен "Сплит" фильмінің тұсау кесерінде болып қайттым. Маған психологиялық триллерлер көру идеясы ұнайды, өз миымды біраз қинаған жақсы әсер етеді. Айтпақшы, +16 деген ескертуді ескеріңіз. Балаңыздың психологиясын бұзғыңыз келмесе көрсетудің қажеті жоқ.
Кевинның миының ауытқушылығы салдарынан оның бойында 23 тұлға өмір сүреді. Олар әр түрлі, әр түрлі өмір сүреді, олардың әрқайсысының өз бөлмесі, өз киімі, өз тіс щеткасы бар. Олардың пайда болуының себебі Кевиннің бала күнгі алған психологиялық ауыртпашылығы. Бала өзін қорғау үшін разный образдар ойлап тапқан және олар бір күні оны толықтай билеп алған... 23 тұлғаның бірігіп бірдей әрекет жасауына әсер еткен нәрсе - 24- тұлғаның пайда болуы...
Маған "Сплит" фильмінен не ұнады?
1. Кино басталған сәттен сені белгісіздік пен "енді не болады?" деген қорқыныш сезімнің ұстап отыруы. Себебі сен әр тұлғадан не күтуге болатынын түсінбейсің.
2. Кейси атты қыздың да психологиялық алған трагедиясын бірге көрсетуі және кино соңына дейін қыздың не кешкенін түсінуге талпынуың.
3. Үш қыздың ойыны мен қорқынышы. Мүмкін, мен де қыз болғасын осындай сәттерде мен қайтер едім деген ой мен бір адамның алдындағы үш қыздың дәрменсіздігі.
4. Джеймс МакЭвой. Оның біраз киносын қарағам. Оның кез- келген образға жақсы енетінін білсем де, Патрисияның образы керемет шыққан. Ол сондай сабырлы, ақылды әйел образына сендіре алды.
5. Киноның аяқталуы. Күтпегем, бірақ жалғасы болады деген ойдың маза бермеуі. Кейсидің дене жарақаттарын көрген кездегі ойларға есеп жоқ. Режиссердің не ойлағанын білмейм, бірақ, бір ойды анық жеткізді. Өмірде қиындықты көп көрген адам шыдамды келеді және ол ешқашан берілмейді. Бұл сәтті көру керек.
Киноны көруге кеңес берем, біраз ой салары анық. Мүмкін, бір кездері есінен айырылған адамдарды басқаша қабылдауды үйреніп қалармыз...