Соққыға шыда, балақай

Соққыға шыда, балақай
жеке
блог

Көп әкелердің ұл балаларды қалайтынын білеміз ғой. Кеше көрсетілімге шыққан "Соққыға шыда, балақай!" атты фильміндегі әке де ұл баланы армандағанын байқауға болады. 

2 қыз өмірге келеді. Бірі сұлулық әлемінің ханшайымы болғысы келсе, екіншісі бокстан чемпион болғысы келеді. Бірақ, екеуі де өз қойған мақсаттарына жете алатын мықты қыздар. Кино сондай жеңіл, әрі өмірден алығандықтан да қызықты, күлкілі. 

Света мен Таня екеуі бір-біріне ұқсайтындарын көп жерде пайдаланады. Бокстан алған жарақаты үшін Таняға біраз уақыт дайындыққа бармауы керек, ал бармаса жаттықтырушы оны жарысқа қатыстырмайды, ол егізін өз орнына жіберіп, оның орнына өзі телеарнаға жұмысқа барады. Бар қызық осы жерден басталады. Сәннен басқаны білмейтін Света спортқа бейімделе бастайды... 

Кино өте қызықты әрі күлкілі. Көңіл күйің кәдімгідей көтерліп қалады. Настасья Самбурскаяның макияжсыз түрін көріп біраз күліп алдым, әрқашан әдемі боп жүретін Настасья үшін бұл кино кәдімгідей сынақ болғанға ұқсайды. Екатерина Владимирова киноға жаңа түсіп бастаса да өз рөлін жақсы алып шыға алған сияқты. Көше қызы мен сәнге берілген екі образды сомдау қиындық тудырары анық, ал ол бұл қиындықты жеңе алған сияқты. Көріңіздер, көңіл көтеріп қайтыңыздар! 7/10.