Шетелдік кинофильмдерді қазақ тіліне дубляждау қажет пе?
блог
Қазіргі таңда Қазақстанның киноиндустриясы қарқынды дамып келе жатыр. Отандық кинофильмдерді қазақ тілінде түсіруге көп көңіл бөлініп, оған қоса, әртүрлі жастағы көрермендерге арналған көптеген фильмдер ұсынулуда. Дегенмен, түсірілген кинотуындылардың басым бөлігі орта жастағы көрермендерге не кішкене балапандарға арналған, ал, жастарға ұсынылатын таңдау тізімі өте аз. Сондықтан, жастар шетелдік киноларды таңдаумен қатар, соларды көргеннен кейін кейбір сөздерін күнделікті сөз арасында қолдана бастайды. Осыдан кейін, үлкендеріміз: «Қазіргі жастар өз тілінде сөйлемейді!»- деп айыптай түседі. Ал егер де сол жаргондардың баламалары фильмдерде жиі айтылатын болса, жас ұрпақ «шала» қазақ тілін ұмытар еді. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы ана тіліміздің орнын арттыру үшін олардың қызығушылықтарына көңіл бөлу керек. Мысалы, жастардың барлығы шетелдік заманауи фильмдерді тамашалағанды ұнатады, тіпті, кейбіреулері аты әлемеге танымал фильмдерді алдын-ала бақылап, оның қашан экранға шығарылатының үздіге күтеді. Осыған орай, егер шетелдердің әлемге танымал фильмдері қазақ тіліне аударылып көрсетілетін болса, мемлекеттік тілде сөйлейтін жастар санының артатынына толықтай күмәнім жоқ.
Шетелдік фильмдерді дубляждаудың тағы бір пайдасы – тәжірибе. Жалпы фильмдерді дубляждау уақыт пен актерларды талап етеді. Қазақстанда фильмдерді дубляждауға жарты жылдай уақыт кетеді , себебі дубляждалатын дауыстар шетелдік студияларда жазылып,фильм монтаждалған студияларда тексеруден өтеді жәнеде фильмді дауыстайтын Қазақстандық актерлер сөйлеу ырғағына, үніне карай фильмде ойнаған актерлердің өздерімен таңдалып алынады. Отандық актерлардың басқа елдердің өнер адамдарымен біріге жұмыс жасауы Қазақстанның киноиндустриясын жоғарғы деңгейге көтереді. Оған қоса, көп жылдық тәжірибесі бар мықты киностудиялармен тікелей қарым-қатынас орната отырып, еліміздегі киностудиялардың олармен тәжірибе алмасуы Қазақстанның мәдени саласының даму үдерісін тездете түседі. Келе- келе жасөспірімдер де мен жастар да өзіміздің отандық кинотуындыларымызды тамсана карайтын болады.
Қазіргі уақытта, 12 голливудтық фильм қазақ тіліне аударылған. Ең алғашқысы «Көліктер-2» мультфильмі болса, соңғы дубляждалған фильмдердің қатарына әлемге әйгілі Джеймс Бондтың бір бөлімі «007: Спектр» қосылып үлгерді. Өздеріңіз білетіндей, бұл бөлімнің Қазақстандағы алғашқы көрсетілімі 5- қараша күні өткен болатын.
Қосымша ақпарат:
http://m.khabar.kz/kz/news/alem/item/37782-007-spektr-tuyndysy-kazakshalanyp-kurermennin-nazaryna-usynyldy