Демалыстарыңыз қалай өтіп жатыр? Ойдағыдай ма? Уәде еткендей мен бүгін қазақстандық сериалдардың тізімін жасап көрейін. Мүмкін, демалыс күндері ішінен бірін таңдап, көріп қаларсыз. Керек дүниеңізді аларсыз. Бірақ сериалға жатып алмаңыз. Демалысыңызда басқа да бітпеген шаруларды бітіріңіз. Ал, мен кеттім. Бүгін тізімді жоғарыдан төмен қарай тіземін.
#5. "Көке" сериалы. Кәдімгі ауылдағы бір отбасы туралы түсірілген хикая. Тұрмыстың тапшылығы, әкенің мейірімсіздігі туралы. Қатты ұзақ емес. Бірақ қысқа болса да, біраз дүниелер айтылған. Өз басым біраз жақсы нәрселерді іліп алдым. Мүмкін сізге де ұнап қалар.
Төртінші орынға "Өгей жүрек" деген сериалды қойғанды дұрыс санадым. Кәмшат Жолдыбаева басты рөлде. Қазіргі заманның басты проблеммаларының бірін көтереді. Жолдыбаева ханым, барлығына өз еңбегімен қол жеткізген табысты келіншек (или әйел, или қыз). Бірақ бала көтере алмайды. Сөйтіп, сәті түсіп бір дәрігермен кездеседі. Оның екі қызы бар. Барлығы күшті болып келеді. Бірақ соңғы жағында дәрігер ... Общым ары қарай көріңіздер өздеріңіз.
Үздік үштіктен "Қазақ хандығына" орын беремін. Шыны керек, бірақ маған қатты ұнамады. Енді өзіміздің тарихымыз ғой деп беріп отырмын. Негізі бұдан әлдеқайда мықты етіп түсіруге болатын еді. Сол үшін көп жазғым келіп тұрған жоқ бұл сериал туралы.
Екінші орын - "Мезгілсіз махаббат". Отбасылық комедия. Ауыл өмірі мен қала өмірін көрсетеді. Салыстырады. Актерлер құрамын қалай керемет таңдаған. Әсіресе, Сағи мен Қарлығашты. Кәдімгі ауылдағы ағам мен жеңгемді көз алдыма келтірді. Демесін мен Ғалияны да. Негізі бұл сериал туралы блокта көзім шалып қалды. Сол үшін "Мезгілсіз махаббат" туралы мына жерден оқыңыздар. Негізі махаббаттың мезгілсіз келгені жақсы ма деп қалдым.
Менің рейтингімде бірінші орын - "Үлкен үй". Бұл сериал туралы Фейсбугімде жазған ем. Шынымен көруге кеңес беремін. Қарапайым өмірде біз аңғармайтын құндылықтар туралы айтылады. Ағайынмен қалай араласу керек екенін түсіндіреді. Жалпы барлық тақырып қозғалған. "Асыл арна" түсірген. Бірақ діние сериал емес. Орны-орнымен Хадиспен мысалмен жеткізеді. Өкінбейсіздер деп ойлаймын.
Қазақша сериалдарға жасаған менің рейтингім осылай болды. Ұнаса ұнады деп конкретно лайк басыңыздар. Баспасаңыздар да ренжімеймін бірақ. Бірақ хабарласып тұрыңыздар. Қуып кеттім. Жақсы. Демалысты жақсылап өткізіңіздер.