«Паразит» Қазақстанға келді
блог
21 қыркүйекте Корея кино өнері академиясының (KAFA) өкілдерімен баспасөз мәслихаты өтті. Аталмыш кино мектептің түлектері қатарында Оскар сыйлығын алған «Паразит» фильмінің режиссері Бонг Джун Хо мен «Кальмар ойынының» операторы Ли Хён Деок бар.
Кинозертхана 2022 жылдың 19-23 қыркүйек аралығында AlmaU медиа және кино мектебінде өтеді. Себебі олар KAFA-ның серіктесі атанды.
Алматыдағы KAFA Kino Lab Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған. Жоба қазақ-кәріс фильмдері мен сериалдарын бірлесіп шығаруға бастама бола алады.
Бес күн бойы KAFA профессорлары AlmaU медиа және кино мектебінің әріптестерімен бірге іріктеп алған 12 адамды оқытады. Қатысушылардың арасында 26-шы халықаралық кинофестивальге «От» фильмімен шақырылған режиссер Айжан Қасымбек бар.