"ОНО" фильмі туралы

"ОНО" фильмі туралы
жеке
блог

Өздеріңіз білетіндей "Оно" фильмы экранға биылғы күздің басында шықты. Сол кезде қайсыбір  сайтқа кірсеңде осы фильм туралы суретке немесе ақпаратқа тап боласын. Бәрінің айтатыны осы кино болды. Сол жұрттан қалмай менде бардым. Негізі бұл фильм Стивен Кингтың шығармасының экранизациясы болып табылады. Алайда шығарманы оқыған адамдардың айтуы бойынша кино сюжеті ұқсас болғанымен көптеген материалдар фильмге ілінбей қалған сияқты.

Негізі мен қорқынышты киноларды көргенді ұнатамын. Өйткені, фильмнен құбыжықты немесе әруақты корген кездегі шошыған сезім көңілімді көтереді. Алайда "Оно" фильмін көру барысында мүлдем басқа сезімде болдым. 

Бұл фильмде басты құбыжық - пеннивайз есімді клоун. Құбыжық адамға белгісіз тылсым күштермен балалардың көз алдына олардың қорқыныштарын көрсетіп, алдап, соңында ұстап жейді екен. Фильм тек құбыжық туралы емес, сонымен қатар қорқыныш туралы адамның психологиясы талқаланады. Балалар өз қорқынышын жеңе тұрып, құбыжықты жеңетіні көрсетілген.

"Оно" фильм - сексенінші  фильм классиктерінің рухындағы қорқынышты әңгіме. Себебі фильмдегі оқиға сексенінші жылдары болғаны үшін, фильм кадрларында кейде сол жылдарға жолдаманы көре аласыздар. Мысалы, сол жылғы киім үлгілері, музыка, плакаттар және т.б. Кейде бір моменттерді мен Вязов көшесі туралы фильмге ұқсаттым.