Сәлем, массагет! Сіз соңғы айларда YouTube желісінен болмаса басқа да әлеуметтік желілерден "Мстители: Война Бесконечности" фильмі жайлы естіп-көріп жүрген боларсыздар. Оның трейлерін бүкіл әлем күтті. Ол жайында мәліметтер мен теориялар барлық ғаламтор қолданушыларының ең басты қызығушылықтарының бірі. Ал түсірілім алаңынан алынған тың суреттер бір сәтте-ақ гиктердің галереясынан табылады. Мұның сыры неде? Неге бір ғана фильм осыншама күтілімді жинады? Оның он себебін сіздерге баяндап берсем.
Алдымен осы фильмнің алдыңғы болып саналатын фильмдердің тізбегін көрсетсем. Фильмдерді дәл осы ретпен көру қажет.
- Темір адам(Железный человек);
- Таңғаларлық Халк(Невероятный Халк);
- Темір адам 2(Железный человек 2);
- Тор;
- Капитан Америка: Алғашқы кек алушы(Первый мститель);
- Кек алушылар(Мстители).
- Темір адам 3(Железный человек 3);
- Тор: Түнек патшалығы(Тор 2: Царство тьмы);
- Капитан Америка: Қысқы жауынгер(Первый мститель: Другая война);
- Галактика сақшылары(Стражи Галактики);
- Кек алушылар: Альтрон дәуірі(Мстители: Эра Альтрона);
- Құмырсқа-адам(Человек-муравей).
- Капитан Америка: Азамат соғысы(Первый мститель: Противостояние);
- Доктор Стрэндж;
- Галактика сақшылары: 2-бөлім(Стражи Галактики: часть 2);
- Өрмекші-адам: Қайта оралу(Человек-паук: Возвращение домой);
- Тор: Рагнарёк;
- Қара пантера(Черная пантера);
- Кек алушылар: Шексіздік шайқасы(Мстители: Война Бесконечности);
- Құмырсқа-адам және Сона(Человек-муравей и Оса).
*соңғы екеуі әлі шықпаған фильмдер.
1. Комикс әлемі.
Бұл фильмдер негізінде Marvel компаниясының комикстерінің негізінде түсіріледі. Ал бұл компанияның комикстері фильмдерсіз де аса танымал. Ал фильмдер оларды одан да танытуға үлкен септік берді.
2. Кульминация эффектісі.
"Шексіздік шайқасының" танымал болу себебі, ол 2008 жылдан үлкен жоспармен іргетасы қаланған үлкен франшизаның дәл осы дәуірінің соңғы кезеңі, соңғы бөлімі. Бұл сонау 2012 жылы жарық көрген "Кек алушылар" фильмінде жинақталған құрамдағы көпшілік қаһармандардың соңғы миссиясы болуы да ғажап емес. Мысалы, жанкүйерлер Темір адам мен Капитан Американың көрер жарығының аз қалғанына сенімді. Бұл жайында кино жанкүйерлері қаласа жеке блог жазар едім.
3. Әртістік құрам
Керемет әртістік құрам фильмнің толағай табысына ең негізгі себептерінің бірі болады. Кіші Роберт Дауни, Бенедикт Камбербэтч, Мартин Фриман секілді әртістерді есептемеген күннің өзінде әртістің құрам бүкіл кинематографиядағы ең жұлдызды болып есептеледі. Крис Эванс, Скарлетт Йоханссон, Крис Хэмсворт, Крис Прэтт, Элизабет Олсен, Том Хиддлстон. Бұлардың әрқайсысы студияның алпауыт мүшесі болып саналады. Сондықтан да фильмнің атауы мен сюжеті басқаша болып, бірақ құрам дәл осындай болса, фильм бәрібір топ жаратын еді.
4. Бюджет
Фильм бюджеті кейбір болжамдарға сәйкес $500 млн. болмақ. Ал бұл дегенің кинематографиядағы бір фильмге жұмсалған ең қомақты қаржы болады. Осы уақытқа дейін ең қымбат фильм болып "Кариб теңізінің қарақшылыры 3" және "Әділет әскері"($300 млн.) болса, бұл фильм нағыз революция болады деп айтуға толық негіз бар. Осы уақытқа дейін Marvel студиясы мұншалықты шашылып көрмепті. Студия иелігіндегі ең қомақты қаржыны талап еткен фильм "Капитан Америка 3" мен "Кек алушылар 2" фильмдері екен. Олардың бюджеті: $250 млн.
5. Маркетинг.
Фильмнің маркетінгі соңғы онжылдықтағы ең үлкен маркетинг деуге болады. Плакаттар мен баннерлер фильмнің тұсаукесеріне дейін үш ай қалғанда әлем қалаларын шарлап үлгерді. Ал саудаға алдын ала түскен билеттердің өтімділігі "Альтрон дәуірі"(Кек алушылар 2) фильмінен 1100%-ға жоғары. Бұл дегенің фильм АҚШ-тағы уик-эндтте тіпті әйгілі "Жұлдызды соғыстардың" жетінші эпизодын артта қалдырып, $300 млн+ алуға мүмкіндік бар деген сөз. Ал "Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы" фильмінің уик-энд жинағы $247 966 675 құрайды.
6. "Қара пантера" фильмінің жетістігі.
"Қара пантера" фильмі осы жылдың ең негізгі жаңалықтарының бірі болды. Фильм уик-энд жинақтарына бойынша алтыншы орында. Ал жалпы жинақ бойынша алғашқы ондыққа аяқ басты. Блокбастер қара нәсілділерді қорғауда үлкен рөл атқарды деуге де болады. Фильмнің 90% әртістік құрамы қара нәсілді. Соған қарамастан фильм алдыңғы қатардан көрінуде, бұл дегенің расизмнің талқандалуы.
Фильмнің қоғамға әсер еткені сондай, 35 жыл бойы Сауд Арабиясында жалғасып келген Голливудтық киноөнімдерге арналған тиымды дәл осы фильм түсірді. Бұл дегенің - үлкен жетістік.
7. Антагонист.
Осы бір үлкен блокбастердің негізгі зұлым кейіпкері - Танос. Ол фильмнің басты кейіпкері делінеді. Ал бұл кейіпкерді үлкен экранға шығарудың өзі көптеген сатылардан тұрды.
Алдымен, "Кек алушылар" фильмінің титрлардан кейінгі сахнасында үнсіз ғана пайда болды, екі жылдан соң "Галактика сақшылары" фильмінде өзінің "фирменный креслосында" отырып, Ронан Айыптаушыға жол сілтеді. "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" фильмінің титрлардан кейінгі сахнасында ол өзінің негізгі қаруы - Шексіздік Қолғабын киіп, негізгі миссиясын бастайтын уақыттың келгенін баяндайды.
Көптеген әлемдік деңгейдегі киножурналдар мен басылымдар бұл кейіпкер барша уақыттың ұлы жауызы Дарт Вейдерді(Жұлдызды соғыстар) басып оза алады.
8. Шексіздік тастары.
Шексіздік тастары Марвел Киноәлемінде ұзақ жылдар үлкен рөл атқарып келді. Франшизада барлығы 18 фильм болса соның алтауында Шексіздік тастары негізгі жәдігер болды. Оның не екені түсінбейтіндерге қысқаша оларды сипаттап кетсем. Бұл тастар үлкен жарылыстан кейін пайда болған алты түрлі сингулярлық. Олардың әрқайсы ғаламат күштің иесі болып саналады. Олар жайында барлығын айтып қойғым келіп отырған жоқ. Жоғарыдағы фильмдерді ретімен көрсеңіз барлығы да түсінікті болады деп ойлаймын.
9. Екі команданың бірігуі.
Кек алушылар да, Галактика сақшылары да киносүйер қауымның сүйікті кейіпкерлеріне айналған. Қос команданың да әрбір мүшесінің ерекше характеристикасы мен өзіндік ұстанымдары бар. Мысалы сақшылар құрамындағы Роккет көп уақыт әлемді құтқару миссияларына тек ақша үшін қатысып келді. Бұл оның эгоистік өмір сүру ұстанымын анық көрсетеді. Ал Кек алушылардың бет-бейнесіне айналған Стив Роджерс нағыз жауынгер. Ол өзінің сарбаздық прициптерін ұстана отырып, көптеген шайқастарда мықты қолбасшы бола білді.
Дәл осылай басы бірдей жиырмаға жуық кейіпкер енді бір топтың мүшесіне айналады. Бұл күшті емес пе?
"Шексіздік шайқасы" фильмінде барлығы 67 кейіпкер болады. Олардың тек қырықтан астамы ғана белгілі. Демек әлі де таса да қалып отырған бірнеше кейіпкер бар. Ал әртістік құрам мүшесі Энтони Макидің айтуынша фильмнің бір сәтінде бірден қырық кейіпкер, бір кадрда көрсетіледі. Демек, фильм әлі де көптеген интриганы ұстап отыр.
10. Теорияларға жауап.
Фильмнің шығуына бір ай уақыт қалды. Соған сәйкес уақыт өткен сайын фильм жайында теориялар сәт сайын көбеюде. Сол теориялардың бір қатарына мына тақырыптарды қосуға болады: соңғы Шексіздік тасының мекен-жайы, Таностың осы уақытқа дейін жасырынуы, сонымен қатар фильмде кімнің көз жұматыны. Ғаламтор ойшылдарының ойлап тапқан неше түрлі теориялары тек фильмді көргеннен кейін ғана белгілі болады. Сондықтан да бір ғана ай шыдайық, ақиқатқа көзіміз жетеді.
Жоғарыда аталған фильмдердің тізімі ұзын-сонар болып көрінгенімен көре берсіңіз, қызығына кіре бересіз. Нәтижесінде, "Шексізідік шайқасы" сіздің де фильміңізге айналады.