"Мстители: Эра Альтрона" фильміне қысқа шолу

Сөйтіп, 2015 жылға жеттік. Бұл - бүкіл әлемдегі комикс жанкүйерлері көптен күткен жыл болды. Сәуір жақындап, өзімен кино әлеміндегі ең болжалды оқиғалардың бірін әкеле жатыр. Барлығыңыз түсініп отырғаныңыздай, әнгіме "Мстители: Эра Альтрона" фильмі жайлы болады. Сонымен, Marvel бізді өзінің суперкейіпкерлері туралы киносымен қуантуды жалғастырып отыр. Ақырында, "Железный человек 3"-тен, "Первый мститель"-дің сиквелынан және екінші "Тор"-дан кейін олар ел ұнатқан барлық кейіпкерлерін тағы да бір киносында жинайтын болды. Енді кейіпкерлердің дұшпанының рөлін, адам баласын әлемнің қауіпсіздігіне төнген қатері деп санайтын, оларды жайпап салуға тырысып жатқан, Альтрон атты жасанды интеллект атқаратын болады. Осы интеллектті ойлап шығарғаны үшін жауапкершілік, әрине, Тони Старкқа түседі. Көрермендерді көп экшн мен керемет спецэффекттер күтеді. Оған қоса, фильм жасаушыларының  уәдесі бойынша, ерекше көңіл кейіпкерлерге байланысты оқиғаларға аударылады. Команда ішіндегі алауыздықтың болғанын көрермендер трейлердің өзінен-ақ байқаған болатын. Фильмның жасаушылары көңілімізді қалдырмайтынына және барлығымыз түрлі эмоцияларды басымыздан өткізетінімізге сенеміз. Баршамыз 22 сәуірден бастап кинотеатрларға барайық!

P.S. Фильмнің соңындағы титрлерден соң болатын ақтық көріністі көруді ұмытпаймыз. Marvel-ға Өрмекші-адамды қайтарғаннан соң, мүмкін, оны да көрсететін шығар.



Бөлісу: