Мені өзгерткен 5 фильм

Мені өзгерткен 5 фильм
жеке
блог

Сәлем, массагет! Бұл топта кино туралы көп блог шықпайды екен. Сондықтан да осы бір кішігірім блогтар тізімін толықтырмақ ниетте блог жазудамын. Қолдау күтем!


Кино деген бұл жәй ғана камераға түсіріліп, монтаждалып, өңделіп көрерменге жеткізілетін көрініс емес, кино бұл өмір болуы мүмкін, кино бұл мотивация болуы мүмкін. Ол өмірді өзгерте алады. Сондықтан, менің өзімді өзгерткен бес фильммен бөліскім келіп отыр[Типа Топ](Тізімдегі рейтингтер iMDb сайтынан алынған).

5. Мойымас/Несломленный(7,2).

Бұл фильм өте үлкен мінезді адамды талап етеді демес едім. Фильм режиссері Анджелина Джоли бұл фильмді жалпы барша адамдарға арнап түсірген деп айтуға толық айтуға болады. Себебі, мұнда не спортшының, не ұшқыштың емес, адамның өмірі баяндалады. Яғни кез келген жастағы әйел болсын, ер болсын бұл фильмді қарап ақырында үлкен ой түюіне әбден болады.

Негізінде фильмнің ең негізгі плюсі мұнда "клиповый" кадрлар жоқ. Яғни диалогтер ұзын, ракурс өте сирек ауысады. Кәдімгідей тынығып қаласың. Кейде ішің пысып кетуі мүмкін, бірақ толық фильмнен жақсы әсер алдым. Және ең бастысы шынайы оқиғаларға негізделген.

Фильмде Луи Замперини есімді жеңіл атлеттің оқиғасы баяндалады. Ол 1936 жылы Берлиндегі Олимпиада ойындарына қатысып, жүлде алады. Кейін соғыс басталып ол майдан даласына кетеді. Әрімен қарай айтсам, спойлер болып қалатын секілді. Өзіңізге қарау кеңес беремін.

"Несломленный": постер.
4. Енгізу/Начало(Внедрение)(8,8)

Менің ойымша бұл фильм соңғы онжылдықтың үздік фильмі болып саналады. Және фантастика жанрындағы барша уақыттың алдыңғы сатысындағы фильм. Оны көріп отырып, тіпті кейде ойлануға мұрша болмай қалып жатады. Фильмге кіріп кететінің соншама, тіпті қажет болса да оны паузаға қойғың келмейді. Әрбір кейіпкерге баса мән берілген және он жыл бойы жасалған еңбектің таңбалары көрініп-ақ тұр. Және бұл еңбек Кристофер Ноландікі.

Мен негізі өзімді Нолан еңбегінің табынушысымын десем де болады. Ол қандай да фильм түсірмесін, әрдайым жоғары сапада болады. 
Негізі бұл фильмнің сюжетімен жұмыс 2000 жылдың басында қолға алынған. Онымен әлбетте Кристофер мырза айналысты. 80 беттен тұратын сценарийді ол бірден Warner Bros. студиясына көрсетті. Бірақ мұншалықты үлкен ауқымды алатын фильмнің бюджеті зор боларын білген студия басшылары оған келісім бере алмады. 
Дегенмен де Нолан одан кейін "Бэтмен: Начало", "Темный рыцарь", "Престиж" секілді әлемдік кинематографияның бет бейнесіне айналған фильмдерді түсірді. Және "Енгізу" фильміне қайта оралатын ең оңтайлы уақыт деп 2008 жылы Кристиан Бэйл мен Хит Леджер басты рөлді сомдаған "Темный рыцарь" фильмінен кейінгі сәтті тапты. Бұл фильм $1млрд. астам касса жинаған алғашқы суперқаһарман жайлы фильм болды. Ал режиссердің тәжірибелігіне көзі жеткен көрермен оның кезекті жұмысынан үлкен нәтиже күтті. 

Бұл фильмнен алған әсерімді мен әлі де сөзбен жеткізе алмаймын. Бұл фильм жайлы мен жеке блог жазамын. Сол блогта бұл фильмді толыққанды сипаттап бергім келеді.

"Начало": постер.
3. Қыз жолдас/Друг невесты(5,9)

Мен түсінбедім. Дәл осындай күшті, керемет фильмге iMDb оқырмандары қалайша өте төмен баға қойған. Бұл фильм менің ішкі санамның түпкі нейрондарын қозғап, миымды жаңартуға жол салған фильм. 

Мен көрген ең үздік романтикалық комедия дер едім. Жалпы оның сюжеті қызық. Том(жігіт) мен Ханна(қыз) екеуі өте жақсы дос болады. Бірақ таныстықтарынан кейін көп жыл өткен соң Том өзінің Ханнаға ғашық екеніне көзі жетеді. Дегенмен, дәл осы сәтте Ханна өзінің сүйіктісін тауып, тұрмысқа шығатынын айтады. Және Томға қыз жолдас рөлін ұсынады. Әрімен қарай айтсам, бүкіл сюжет белгілі болып қалады. Өздеріңізге көруге кеңес беремін.


"Друг невесты": постер.


2. Головоломка(8,2)

Оу, бұл менің ең сүйікті мультфильмім. "Ойыншықтар оқиғасы", "Кунг фу Панда", "Көліктер" франшизаларының бәріне тұратын бұл мультфильм адам санасындағы бес түрлі эмоцияның күнделікті арпалысынан тұрады. Оқиғаның ортасында - Райли есімді оқушы қыз. Ол өзіне үйреншікті болып қалған достарынан жыраққа Сан-Францискоға отбасымен көшіп кетеді. 
Осы тұста Бақыт, Қайғы, Үрей, Ыза, Жиіркеніш бесеуі бірдей байбалам сала бастайды. Ақыр соңында бұл үлкен катастрофаға апарып тынады. Бақыт пен Қайғы ми орталығынан ұшып түсіп, ұзақ мерзімді жадыға қонады. Осы екі сезімнен айырылған Райли үлкен дағдарысқа ұшырап, өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына еш ойланбастан қарсы тұра бастайды.
Ал жағдайды ретке келтіруге тырысқан Үрей, Ыза, Жиіркеніш үшеуі оқиғаны одан әрі өршітіп жібереді. 

Бұл мультфильм үшін де жеке блогымды аямас едім. Сонымен қатар бұл 2015 жылдың қорытындысы бойынша тоғыз бірдей "Үздік анимациялық фильм" жүлдесін жеңгенін білгеніңіз де дұрыс болар еді. 

Және мультфильмнің "Началомен" ұқсас жері бұл - бір сәтте бірнеше сюжеттің орын алуы. Қысқасы бұл мультфильмді сіз қарауыңыз керек!


"Головоломка": постер.
1. Интерстеллар(8,6).

Бұл фильмді көргенде мен жыладым дей алар едім. Мен жылағым келді. Ол жылата алады. Ол өте ұзақ болса да(2 сағ. 49 мин.) бәрібір үздік. Ол ең үздік ғылыми-фантастикалық фильм. Ондағы эмоциялар... Сөзбен келмейді айтуға мұның бәрі.

Фильмнің оқиғасы бізге жақын уақыттағы болашақта орын алады. Онда көптеген астық өнімдері құрып, нәтижесінде адамзат баласы үлкен лас климатпен және аштықпен күрес жүргізеді. Ал басты кейіпкер Купер болса осы қарапайым адамдардың арасында осылайша өз өмірін сүруді жалғастыруда. 
Бірақ, ол ерекше адам еді. Ол НАСА-ның бұрынғы ұшқышы еді. Және осы қабілеттері оның болашағын 180 градусқа бұрып жібереді.

Бір күшті оқиғаның ықпалымен ол НАСА-ға оралады. Және әлемді құтқару үшін жаңа цивилазациялауға жаңа ғаламшар табуға арналған су жаңа миссияның мүшесі болып шыға келеді. Бірақ, бұл үшін Купер көп нәрсемен құрбандық етеді. 

Бұл фильмнің де режиссері Кристофер Нолан екендігі фильмнің неге соншалық керемет шыққаны түсіндірме дер едім. Басқа ешкім дәл мұндай фильм түсіре алмас еді.

Дегенмен фильм шығар алдында фильм жасаушылары оны "қара құрдым" жайлы көптеген теориялар мен фактілерді қарапайым адамдарға түсінікті етіп көрсетеді деп мәлімдеген болатын. Дегенмен де, ол олай болмай шықты. Кейбір оқиғалар, аса қисыңсыз дер едім, бірақ фильм бәрібір үздік. Ал төмендегі постерді көрсем мен бірнеше секундқа қатып қаламын.

"Интерстеллар": постер.
Бұл мені өзгерткен бес фильм болатын. Бұл тізімге "Логан" фильмін де қосқым келген. Бұл фильм ешнәрсенің мәңгі емес екенін есіңе салып, бір сәт ойланып қаласың. 
Бәлкім, бұл тізім бір жылдан кейін жаңарып қалар, себебі мен көрмеген фильм көп. Өте көп.

Енді сіз де, дәл осындай тізімді тізіп шығыңыз. Мүмкін көпшілік сіздің талғамыңызды жоғары бағалап қалар. Оқығаныңызға рақмет!