Мақсаттарына жетпеген Макс

Мақсаттарына жетпеген Макс
жеке
блог

«Безумный Макс: Дорога Ярости» фильмінің премьерасынан кейін көптеген көрермендер мен сыншылар әртүрлі форумдарда мен сайттарда  өте позитивті пікірлерін жазған. Бірнеше пікірлерін оқып, мен кинотеатрға асықтым. Кинотеатрға бара жатқанда, бұл фильмде бір сұмдық оқиға болу керек деп ойладым. Бақытыма орай, менің сезімдерім ақталды.

постер

Мен түсінбегенім – бұл кино қалай соншама көп адамдарға қатты ұнағаны. Менің ойымша, бұл кино көбісі айтқандай керемет болған жоқ. Сеанс барысында көптеген сәттер қуанышқа бөледі, алайда мен соған 10/10 немесе 9/10 бере алмаймын. Оған себеп – сюжет. Егер біреу ол атыс – шабыс жанрындағы фильмге керек емес деп айтса, бұл олай емес деп ойлаймын. Кино үшін сюжет әрқашан маңызды. Нашар сюжет бүкіл техникалық және актерлік жетістіктерді бұза алады. Бұған қарамастан, бұл фильм өте жақсы және қымбат ақшаға түсірілген. Меніңше, ең маңызды рөлді маркетологтар және фильмның тарихы атқарған. Премьераның бірнеше күндердің алдында Джордж Миллердің салтанатты жұмысының қайта дамуы туралы жаналықтар көп кездесетін. «Безумный Макс» бұл тарихы бар кино, оған дейін үш киносы бар еді және ол өте атақты болды, сол үшін оны киноның классикасы деп атауға болады.

қуғынборан

Енді кинодағы керемет эпизодтарға ауыссақ, бұл әрине – қуғын. Олар, күмән жоқ, тамаша түсірілген. Бәрінен де маған құм боран ұнаған. Мен мына киноны көруге кеңес беремін. Әсіресе, оны жақсы кинотеатрда және міндетті түрде жақсы дыбыспен көрген жақсы. Актерлік жұмысы туралы айтатын ештеңе жоқ, актерлер тамаша. Том Хардидан да Макс Рокотанский лайықты болып шықты. Ол кинода жойқын және үнсіз адам болып жүреді және бұл рөлі бұрынғы Макска дәл сәйкес келеді. Николас Холт жақсы ойнады, мен бұл баланы «Тепло наших тел» деген комедиялық драмадағы жұмысына қарап мұндай актерлік шеберлігін көрсетеді деп ойламадым. Шарлиз Терон Фуриозаны таңғажайып ойнады. Әйелдік, батылдық, алғырлық, жалпы ол бұл кинода әйел – көшбасшыға сай бүкіл позитивті қасиеттерін көрсете алды.томниктерон

 

Қорытындылай айтқанда, мен бұл киноға 7/10 беремін.

P.S. Бәлкім, менің сюжет туралы талаптарым фильмның бұрынғы бөлімдерін көрмегендіктен пайда болған шығар, бірақ бәрібір сюжеті әлсіз екен ойдамын.