"Красотка" фильмі
блог
"Pretty Woman"
Фильм 1990 жылы АҚШ та түсірілген. Ал режиссері Гэрри Маршал. Жанры комедия мен мелодрама. Бар болғаны екі сағатқа созылатын фильмде айтылатын негізгі ой көрермен назарына айшықтай түсінікті етіп жеткізілген.
Басты рөлдегі қаржы магнаты Эдвард Льюс түнгі қалада адасып Вивианды кездестіреді, сөйтіп одан жол сұрайды. Осылайша фильм түнгі қаланың қызыққа толы әсем оқиғаларынан бастау алады. Екеуі тіл табысып Эдвард өзінің маңызды келісім шартының сәтті өтуі үшін Вивианға бір аптаға жанында қалуға ұсыныс жасайды және ол үшін ақша төлейтінін де мәлімдейді. Вивиан осы уақытта қаржы тапшылығына ұшырағандықтан бірден келісе кетеді. 1-аптаның ішінде Вивиан Ричардтың мұз болып қатқан жүрегін ерітіп, екеуі бір-біріне ғашық болады.
Ауылдан оқуға түсемін деп келген қарапайым қыздың жеңіл жүрісті қызға толықтай айналмағанын оның нәзік те мейірімді жүрегінен аңғаруға болады. Жүрегі таза қыз жаман ортаға түсіп қалады. Сөйтіп күндер өте береді. Вивиан үшін ашық-шашық киіну әдетке айналып, жеңіл жүріспен жүру оған қалыпты жағадай секілді болып кетеді. Алайда ақ тұлпарға мінген ханзада оны дер кезінде құтқарады. Оның тек сыртқы келбетіндегі әдемілікті ғана емес жүрегінің түкпіріндегі нәзіктікті де дер кезінде байқайды.
Бұл фильмді анамның ұсынысымен көріп шықтым және 2 сағатымды осы фильмге бөлгеніме еш өкінбеймін. Сіздер де "Красотканы" бастан-аяқ көріп шықсаңыздар еш өкінбессіздер деген ойдамын!