"Көксерек" -шынайы оқиға желісімен

        Түз тағысын күшік кезінен асырап баққан мына бір монтиған бала есіңізде болар? Ия, ол - Құрмаш! Заманамыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың "Көксерек" шығармасының желісіне құрылған фильмнің режиссері - Төлеміш Өкеев. Фильм 1973 жылы көрермендерге жол тартқан болатын. Бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты атанып,жүлделі номинациялар иеленген. Фильм шынайы оқиға желісімен түсірілуімен қатар, шынайы көріністерімен де айқындала түскен. Ал басты кейіпкер рөлін сомдаған қазақтың қаршадай баласы - Қамбар Уәлиев болатын. Ары қарай әңгімеміз бүгінде ел ағасына айналған актер жайлы болмақ.       Көпшілік жадында аталған фильмдегі сүйкімді де ақылды, бала Құрмаш ретінде қалғаны анық. Ал бүгінде көшеде сол адаммен кездесіп қалсаңыз тани аласыз ба? Қамбар ағаның бір сұхбатында: "Фильм түсірілімі барысында күздің қара суығына қарамастан, өзеннен бөлтірікті шығару сәтінде қатты науқастанып қалдым" деп айтқан болатын. Одан кейін сол сырқаты айықпай ұзақ уақыт бойы арпалысқанын ашына отырып оқып едім. Мүмкін, тағдардың бұралаң соқпағы солай соққан болар.  Дегенмен Қазақ халқының есінде мәңгілік сол бала Құрмаш, өшпес бейне ретінде сақталады.


Бөлісу: