Кинодағы қызықтар

Кейінгі жылдары еліміздің кино өндірісі қарқынды дамып, ел назарын аудара бастады. Жаңаша мазмұн, соңы идеямен түсірілген кез-келген фильм жайында керемет дүниелер жазуға болады. Оның бәрін- отаншылдық, патриоттық, елжандылыққа арналған түсірілімдер деп бірден айта аламыз.
Десе де, қазіргі фильмдердің көңілге қонбайтын тұстары да баршылық.Мысалы, қазақ балалары қызыға көретін «Алдар көсе» сериалы әрбір үйдегі көгілдір экраннан түспей келеді. Оған қызықпайтын бала жоқ десек те болады. Бір қызығы, сол сериалда ұғым қателігінің өріп жүргенін мойындауға хақылымыз. Айталық,соның бірі- дастарқан мен ас мәзіріне саяды. Ойлап қарасақ, Алдар көсе өмір сүрген дәуірде ондай дастарқан да, ас мәзірі де болған жоқ. Ол шақтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі болғаны анық.
Ал сол шындықтың тұтастай бұрмалап Алдар көсені бүгінгі күннің кейіпкері етіп қою ұят-ақ. Сондай-ақ отандық сериалдардың сюджеті өте жалаң. Яғни, бір сериалды көріп болған соң, екіншісінде қандай оқиғаның өрбитіні туралы немесе «Не болар екен?»- деп ойлантатын детальдар жоқтың қасы. Бейне, әр сериалы бір-бір кино фильм сияқты. Дегенмен де, өткен ғасырда түсірілген «Махаббат бекеті», « Менің атым-Гүлназ», «Қыз Жібек», «Көксерек», «Менің атым-Қожа», « Бандыны қуған-Хамит», « Алпамыс мектепке барады» фильмдері көрерменін өзіне тартып тұрады.Ал қазіргі таңдағы көрерменнің көзайымы болып жүрген кинолардың қатарында «Көшпенділер», « Рэкетир», «Жаралы сезім», «Жетімдер», «Астанаға көктем кеш келеді», «Өкініш» , «Ғашық жүрек», «Шал» , «Аңшы бала», «Ағайындылар» т.б. Салыстырмалы түрде қарағанда, кейінгі жылдары түсірілген фильмдер бейне баланың ойны сияқты, көрерменді жалаң оқиғамен жай ғана қызықтыруға құрылғандай сезіле береді.
   Тағы бір айта кетерлігі әртістердің де шеберлігіне ішің жылайды.Себебі, әртістердің  рольге кірмейтіні өте өкінішті. Кәрістердің, түріктердің әртістерінің ойнау шеберлігі өте керемет. Біздің әртістеріміз сондай шеберлікке жетеді деген үміт болашақта бар.
  Сондай-ақ, әлі де еліміздегі фильм біткен алдымен орыс тілінде түсіріліп, одан кейін қазақ тіліне аударылады. Осы тұрғыдан келгенде алашапанды өзбек ағайындар тіпті, іргедегі қырғыздар сияқты бола алмағанымызға налисың. Былайша айтқанда, біз қазақ киносын емес, аударма фильмдерді тамашалап жүрміз деген сөз. Бүйтіп, өзімізді өзіміз алдағанша, Түрік пен Кәрістердің киносын көре бергеніміз артық емес пе? Айта берсек, мұндай жайсыздықтар жетіп артылады. Ең бастысы, санасын ұлттың намысы құлшындырған жалынды жастар көп болсын!


Бөлісу: